Page 185 - index Bapaeva
P. 185

страктылы теориялық сипаттағы жорамал ғана. Оны мәселенің
теориялық талдаудың бір мүмкіндігі деп қана қабылдауға бола-
ды. Ниеттерді алътруистік, эгоистік, жақын және алыс, жалпы
және жеке, қоғамдык; маңызды, жеке адамдық және т.б., т.с.с.
бөлуге болады. Сондай-ақ ниеттерді саналы және санадан тыс
(құмарту), түсінілетін және кез келген іс-әрекеттік, оның ішінде
оқу әрекетіндегі ниет деп бөлуге болады. Мәселен, А.Н. Леонтьев
ниеттерді түр-түрге бөле отырып, мектеп өмірінен, оқу-тәрбие іс-
әрекетінен мысалдар келтіреді; оқушы жақсы оқудың, кейіннен
сауатты және қоғамға, отанға пайдалы жоғары дәрежелі маман
болу керектігін түсінеді. Дегенмен нақты жағдайда басқа ниетті,
мысалы, ата-анасының көңілін қалдырмау немесе екілік алмауды
жетекшілікке алады.

    Ниеттердің алғашқысы – түсінушілік мотиві, ал екіншісі –
нақты әрекетті жүзеге асыруы. Оқу ниеттерінің нақты жүйесін
дәйекті түрде ұсынған П. Я. Гальперин. Оның пікірінше, оқу
іс-әрекетінде ниеттің нақты үш типі іске асырылады. Олар
«іскерлік», «жарысушылық» және «танымдық» ниеттері. Оқу
іс-әрекетінің ішкі ниеті танымдық қызығу. Оқу іс-әрекетіндегі
маңызды компоненттің бірі – мақсат қоя білу. Оны субъекті (адам)
өз алдына нақты әрекетпен байланысты түрде қарап, орындап іске
асыру үшін әрекеттенеді. Ниеттің кез келген түрін индивид өзінің
іс-әрекеті арқылы қанағаттандыратын болады. Ал мақсат қою
да сол адамның іс-әрекетінің белгілі нәрсені қанағаттандыруға
бағытталуы деп саналады. Басқаша айтқанда, іс-әрекеттің
мақсаты, соның ішінде оқу әрекетінің мақсаты да, субъектінің ба-
сында туған идея. Сол идея болашақта жүзеге асырылуға тиісті
іс-әрекет нәтижесі.

    Кез келген іс-әрекетті бастаудан бұрын оның нәтижесін адам
ойша пайымдап алады. Ондай пайымдаулар кейде анық және
айқын немесе аморфты, көмескі сипатта болуы мүмкін. Егер мо-
тив ретінде танымдық қызығу болса, онда оқушының алға қойған
мақсаты анық та айқын болатыны түсінікті, себебі ол неге қол
жететінін біледі. Ал егер мотив оқу үдерісінің сыртында жатса,
(іскерлік немесе жарысушылық), онда анықтық та болмайды.
Соның нәтижесінде саналы оқу, болашақ кәсіптік іс-әрекеттің та-
бысты болуы үшін «іске пайдалы» ғылыми әдебиетті тиянақты
өз бетімен оқу да болмайды. Оқу іс-әрекетінде, мотивтелген

                                    185

⇐ МАЗМҰНЫ
   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190