Page 186 - index Bapaeva
P. 186

танымдық қызығу, саналы түрде алға қойған мақсат ретінде
әрқашанда, теориялық тұрғыдан алынған білімді іс жүзінде пай-
далана білу іскерлігі болады.

    Іс-әрекеттің психологиялық құрылымының үшінші
компоненті, мақсатқа жетуде пайдаланатын құралдар. Оқу іс-
әрекетінде құралдар ретінде – әдістер, тәсілдер, оқу әрекетінің
жолдары, оқыту үдерісіндегі білім беру органдарының әдістемелік
нұсқаулары мен ұсыныстары және оқушының өзі тапқан ыңғайлы
жолдары (мысалы, екі оқушының тапсырманы бірігіп орындауы).
Оқытудың әртүрлі техникалық кұралдарына микроскоптан бас-
тап компьютердің түрлері де жатады. Психологиялық тұрғыдан
алғанда, құралдардың «жақсы» не «жаман» болуы, оқушының
оқу барысында тиісті тапсырмаларды орындауы мен алдына
қойған мақсат немесе оның өзіндік дербес оқу әрекетіндегі ны-
саналы әрекетіне байланысты. Қысқаша айтқанда, оқушының
оқу мақсатына тезірек және сапалы түрде жетуіне көмектесетін
оқу құралдардың бәрі де жақсы. Оқу әрекетінің психологиялық
құрылымындағы төртінші құрамдас элементі – оқудың
соңғы нәтижесі. Бұл нәтиже, егер бүкіл оқу үдерісі логикалық-
психологиялық талаптармен сәйкес кұрылған жағдайда мақсатқа
жақындай түседі, себебі оның мақсатпен толық сәйкестігі, оқу
үдерісінің жүз пайыз тиімділігін көрсетер еді, бірақ ондай бол-
майды және ешқашан ешбір іс-әрекетте ондай болуы мүмкін емес
те.

    Үдерістің мақсаттан нәтижеге қарай жылжуында әрқашанда
белгілі шығындар болады, негізінде ол шығындар қаншалықгы
көп екендігі ғана маңызды. Егер олар аз болса, онда тиімділік
жоғарылау (нәтиже жақсы) және керісінше, оқу әрекетінде де
осындай.

    Оқушылар сабақта, өздігінен оқығанда қажетті мәліметтермен
танысып, олардың бәрін естерінде сақтай алмай, көптеген
бөлігін ұмытады. Меңгеруге тиісті оқу материалдарын ұмытып,
шығынға ұшырауларының басты себептері қандай деген қисынды
сұрақ туады. Ондай себептерге біріншіден, естілген не оқылған
мазмұндардың ішінен кейбіреуі ұғынылмай қалады. Бұл – негізгі
шығын, білімді меңгерудегі айтарлықтай олқылық.

    Екіншіден, кейбір түсінілген мәліметтердің өзі бірден
ұмытылады. Өйткені оқушының бұрыннан белгілі білім қоры

                                    186

⇐ МАЗМҰНЫ
   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191