Page 187 - index Bapaeva
P. 187

ешбір затпен байланыспай ассоциация жасамайды. Мұндай
жағдайда оқушылар: «Бәрі де түсінікті болып еді, бірақ ұмытып
қалдым», – дейді. Іс жүзінде қажетті мағлұматтарды есте сақтай
алмайды.

    Үшіншіден, оқушы сабақ барысында мұғалімнің айтқандарын
тыңдап, қажетті әдебиетті оқып, бәрін түсініп, есіне сақтап, біраз
уақыт өткенде әлі де есінде сақтағанымен, уақыт өте келе ол
білімнің кейбір бөлігін ұмытады, бұл табиғи құбылыс (өте қажетті
болған мәліметті іс жүзінде пайдаланбаған соң есте сақтау мүмкін
емес). Сонымен ұмыту шығынның тағы бір каналы.

    Төртіншіден, оқу әрекетіндегі ниет пен мақсат – алынған
ғылыми білімдерді іс жүзінде пайдалана білуге үйрену бол-
са («істегі білгірлік»), онда нәтижесі де солай болуға тиіс. Бұл
білімді іс жүзінде пайдаланудағы нақты іскерлік. Ондай әрекет
басталғанға дейін субъектінің қиялында жасалғандай көмескі
болмай, қол жеткен нақты материалдық жағынан көрсететіндей
болуы қажет. Дегенмен іс жүзінде мұндай жәйттер дәл солай
бола бермейді: пайдалы болатын мәліметтердің шығыны осындай
көріністен байқалады, яғни оқушы білімі бола тұра оны қолдана
алмай қиналады. Ғылыми білімді іс жүзінде пайдалана білмеу де
мақсатқа жетер жолда мәліметті жоғалту болып саналады.

    Егер бұл шығын, тақырыптың, проблеманың негізгі
мазмұнына емес, кейбір жеке бөліктеріне ғана тиісті болса, онда
оқу мақсаты, негізінен, орындалады. Бірақ мақсатқа жетпеу де бо-
луы мүмкін: білімдер есте қалады (оқылған, жатталған), ал олар-
ды қолдану мүмкін емес, егер біреулерге қажет болса, тек қайта
жаңғыртуға болады.

    Сонымен, оқу әрекетінде мақсаттан нәтижеге қарай
жылжығанда, оларды білумен бірге өмірде тәжірибе жүзінде
пайдаланып, олардың қажеттігін үнемі есте сақтаған жөн. Сонда
ғана оқу мақсаты жүзеге асып, тиісті нәтижеге айналды деп есеп-
теуге болады.

    Бастауыш сынып оқушылары 7-11 немесе 6-10 жас
аралығындағы балалар. Осы жаста олардың жеке психологиялық,
әлеуметтік адами қасиеттері қалыптасады және оларға тән
өзгешеліктер пайда болады. Біріншіден, олардың материалдық,
қарым-қатынастық, эмоционалдық қажеттіліктерін отбасы
қамтамасыз етеді. Олар ата-анасының қамқорлығында бола-

                                    187

⇐ МАЗМҰНЫ
   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192