Page 188 - index Bapaeva
P. 188

ды. Екіншіден, олардың әлеуметтік-танымдық қызығушылық,
құмарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады. Үшіншіден,
ата-ана мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз
нәрселерден бастауыш сынып оқушыларын қорғай алады.

    Кешегі мектеп жасына дейінгі бала бүгін мектепке келген-
нен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп
тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып, қалған
бала тәртіпке бірден көндіге алмайды. Осыдан барып ересектер-
мен түсініспеушілік пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы
бала өз іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құра бастай-
ды. Бастауыш мектеп жасындағы бала бұрын ойынмен айналыс-
са, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу – ойынға қарағанда
өте күрделі үдеріс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене
түседі. Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта
құру мына төмендегідей кезеңдерден өтеді:

    1. мектеп өміріне кіру;
    2. мектеп, сынып ұжымдары арқылы қарым-қатынастарды
реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату;
    3. мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағыну, оны қабылдау,
орындау.
    Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дұрыс қабылдау
бастауыш мектеп оқушыларының ұжымға мүше болып кіріп
кетуіне мүмкіндік береді.
    Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиындықтары да
бар. Бірінші қиындық – баланың уақытында ұйқыдан ояна алма-
уы, мектепке керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы,
сабақта тәртіп сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқандарын
бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық тапсырмаларды
орындау тағы басқалар бастауыш сынып оқушыларына қиынға
соғады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы кездері осыған
көндіге алмайды. Себебі, бала оған психологиялық тұрғыдан
дайын емес. Күн тәртібін реттеп, оған біртіндеп бейімделгенше,
баланың оқу іс-әрекетіне деген мотивациясы туралы айтудың өзі
ертерек.
    Екінші қиындық – бастауыш сынып оқушысының сыныптағы
оқушылармен, ұстаздармен үйлесімді қарым-қатынасын орнату.
  Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі – ол
балалардың сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде оқушылардың

                                    188

⇐ МАЗМҰНЫ
   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193