Page 189 - index Bapaeva
P. 189

сыныптағы қарым-қатынасын үйлестіруші ретінде мұғалімнің
рөлі ерекше. Бала барлық нәрсеге мұғалімнің көзімен қарайды.
Балалар ұжымы кейде материалдық жағдайларына байланысты
бөлінуі мүмкін, мұндай қайшылықтарды мұғалім оңтайлы шешуі
тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым құрып, дұрыс тәрбие
беруде кемшіліктер жіберіп алу да мүмкін. Мәселен,

    ▪▪ адами құндылықтың, адамгершіліктің не екенін
педагогикалық тұрғыда түсіндіре алмау. Балада адамгершіліктің
бастауы қалыптаспайды, оған жастайынан үйренбейді;

    ▪▪ ақыл-ойдың педагогикалық тұрғыдан дұрыс дамымауы.
Осыдан барып оқуға деген жалқаулылық, оқығысы, үйренгісі,
білгісі келмеу туады;

    ▪▪ адами әсемдік, сұлулық дегенді білмей, түсінбей өсуі.
    ▪▪ баланың денсаулығының, ақыл-ойының кемістігі,
патологиялық кемшіліктер. Ондай бала тазалық, тәртіп дегенді
түсінбейді;
    ▪▪ баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоқ бо-
луы. Жасынан еңбектенбеген адамнан ешқандай жақсы азамат
шықпайды.
    Үшінші қиындық балалардың отбасымен қарым-қатынасы.
Мектепке барғаннан кейін бала бұрынғы еркеліктен айыры-
лып, жауапты адамдар қатарына қосылады. Мұндайда ол түрлі
жағдайларға ұшырауы мүмкін: біріншіден, балаға мектепке
керекті құрал-жабдықтар алу керек, ол ойыншық алудан күрделі.
Оның үстіне балаға бақылау күшейеді. Себебі, сабаққа мұқият
дайындалу керек. Осының барлығы балаға ұнамамауы мүмкін, ол
тәртіп сақтаудан қашады, тапсырманы дер кезінде орындамайды.
Осындай жайттардан бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда
болады. Екіншіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа
жауапкершілікпен қарайды, көп нәрсені өзі тындырады. Бірақ
бұған ата-ана дұрыс мән бермейді де, ол әрекетті баланың ойыны
ретінде қарайды. Осыны сезінген баланың біртіндеп сабаққа де-
ген ынта-ықыласы төмендей береді. Үшіншіден, бала ата-ананың
өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл бөлгенін біліп, үстіне
төніп тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады. Кей жағдайда
әрбір алған жақсы бағасы үшін ақша талап етуі мүмкін. Төртінші
қиындық бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын, үйге
берілген тапсырмаларын орындауда қиналуы.

                                    189

⇐ МАЗМҰНЫ
   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194