Page 190 - index Bapaeva
P. 190

Зерттеуші ғалым педагогтар бастауыш мектеп оқушыларын
үй жұмысын орындауына байланысты бірнеше топқа, кезеңдерге
бөліп қарастырады: бірінші топ оқушылары үй тапсырмасын
көтеріңкі көңілмен, қиналмай орындайды. Мұндай оқушылар то-
бын романтиктер деп атайды, олардың оқуға деген қызығушылығы
бар. Өздерін ересектер санатына ұстайды. Бірақ уақыт өткен са-
йын, сол балалардың кейбіреуі оқудан жалығып, қызығушылығы
басылады, үлгерімі төмендей береді. Бірақ сабақты орындау
міндет екенін біліп, үй жұмысын орындау тек дағдыға айналады.

    Екінші топ оқуды, үй жұмысын орындауды салт деп біледі.
Осылайша балалардың сабаққа деген ынтасына қарай оларды
үш топқа бөлуге болады: бірінші – ынтамен оқитындар; екінші
– жалпы үрдіспен оқу керек, ата-ананы, мұғалімді ренжітпейін де-
ген оймен оқу, яғни өзі үшін емес, біреу үшін оқитындар; сабаққа
үлгере алмай, артта қалып қойғандар тобы.

    Осы үш топтың әрқайсысымен өзіндік жұмыс жүргізу – бас-
тауыш сынып ұстаздары мен ата-аналарының міндеті. Бірінші
топтағы оқушыларды қолдап отырса, екінші топтағыларды
көтермелеп, ал үшінші топтағыларды бірде міндеттеп, бірде
мақтап, барлық жағдайда қолдау көрсетіп, көмектесіп оқыту ке-
рек.

    Бастауыш сыныптың өзінде балаға ұнайтын, ұнамайтын
пәндері бар. Қандай бір үздік оқушы болса да, оның өте жақсы
көретін пәні немесе пәндері болады. Соны әрі қарай дамытқан
жөн. Оқуда зорлық болмауы керек. Оқуда қажеттілік, білім алуға
міндеттілік болу керек.

    Бастауыш мектеп жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесі
өзгеріп, ол өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта
құрады. Осы орайда ол көптеген қиындықтарға тап болады.
Сол қиындықтарды шешуге мұғалім, ата-ана болып бірлесіп
еңбектеніп, балаға көмектескен абзал.

    Іс-әрекет теориясы (Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн,
А.Н.Леонтьев) бойынша психиканың онтогенезде дамуы заттық
іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінің ұйымдасуымен байланысты
келеді. Сонымен қатар, А.Н.Леонтьев атап өткендей «іс-әрекеттің
заты екі түрлі: біріншісі – өзінің дербес тіршілігінде субъектінің
іс-әрекетін өзіне бағындырушы және қайтақұрушы, екіншісі –
заттың бейнесі, субъектінің іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге аса-
тын қасиеттерінің психикалық бейнесінің өнімі ретінде жүреді».

                                    190

⇐ МАЗМҰНЫ
   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195