Page 191 - index Bapaeva
P. 191

Теориялық сананың негізі аймағында (Д. Б. Эльконин, В. В. Да-
выдов) әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін меңгеруіне қатысты
оқу іс-әрекеті оқушылардың іс-әрекеттің затын бағдарлау мен
оны қайта жасау тәрізді өзін-өзі бағалаудың негіздерін қарқынды
игертетін оңтайлы мүмкіндіктерді қамтиды.

    Оқушыларды өз білімдерін дербес тұрғыда жетілдіруге да-
йындау мектептің негізгі мәселелерінің бірі болып келетіндіктен
оқушылардың оқу үдерісінде белсенді бағытын қалыптастыруды
ерекше мәні бар мәселеге айналдырады.

      Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуын анықтауға көмектесетін
екі фактор бар, олар: баланың айналасындағы адамдармен
өзара әрекеті және баланың өзінің іс-әрекеті. Баланың өзін-өзі
бағалауының қалыптасуынан орын алатын әлеуметтік қарым-
қатынастар рөлі барынша зерттелген тақырып боп саналады.

    Бастауыш сынып кезеңінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуына
оқушының оқу үдерісіндегі әлеуметтік-тұлғалық бағытының
ерекшеліктері, сыртқы бағалардың жағымсыз әсерін жою, оқушы
мен оқытушы арасында құрылатын қарым-қатынастар жүйесінің
өзгеруі, оқушыларды үрдістің бағалау іс-әрекеті мен өзінің іс-
әрекетінің нәтижесіне тарту ерекше әсер етеді.

    Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауы көп
жағдайда оқытушының бағасына тәуелді келетінін, объективті
еместігін, асыра бағалау бетбұрысының байқалатынын, нақты,
жағдайлы, іс-әрекет нәтижесін көбіне өзінің мазмұнына алаты-
нын көрсетті. Адам өзінің ерекшеліктерін белгілі бір іс-әрекетке
қатысты бағалайды.

    Бастауыш сынып оқушысының бойында өзін өзі бағалаудың
қалыптасуына маңызды боп келетін кезеңдер:

    – Оқушының өзін өзгертуге бағытталуына орай, оның
қалыптасу үдерісінде баланың алдында меңгеру затында өзінің
алға жылжу шараларын анықтау міндеті туындайды, яғни өзін-өзі
қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру субъектісі ретінде тану;

     – Оқу іс-әрекетінің құрылымы бір жағынан, меңгеру затына
бағытталған – оқу міндеттері мен оқу әрекетін, екінші жағынан
– бақылау мен бағалау іс-әрекет-әрекетінің субъектісі ретінде
оқушының өзіне бағытталған екі құрамдас бөлікті қамтыған. Бұл
әрекеттерді де меңгеру бастауыш сынып оқушысының өзінің іс-
әрекеттерін және оның бағасын талдау міндетін қояды.

    Д. Б. Эльконин және В. В. Давыдов оқу іс-әрекетін оқу

                                    191

⇐ МАЗМҰНЫ
   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196