Page 192 - index Bapaeva
P. 192

міндеттері, оқу әрекеттері, өзіндік бақылау және өзіндік бағалау
сияқты бірнеше компоненттердің бірлігі ретінде қарастырады.

    Өзіндік бақылау – бұл оқу әрекеттерінің сырттан ұсынылған
үлгімен салыстырылуы. Мектеп тәжірибесінде бақылауға үйрену
мұғалімге еліктеу арқылы жүреді. Ал бақылау стихиялы түрде сан-
сыз қателесу мен байқау арқылы қалыптасады. Бақылау ақырғы
нәтиженің негізінде жүзеге асады.

    Өзіндік бағалау – баланың іс-әрекетін жүзеге асырудың әртүрлі
сатыларында оны бағалауы. Өзіндік бағалаудың екі түрі болады:

    1) ретроспективті – іс-әрекеттің жүзеге асқан нәтижелерін
бағалау (жақсы не жаман істедім бе?);

    2) прогностикалық – адамның дербес мүмкіндіктерін бағалауы
(мен бұл тапсырманы орындай аламын ба?).

    Оқу іс-әрекеті мен бала өмірінің басқа қырларына бәсекелі
қатынастары бар екенін ұмытпаған жөн. Оқу іс-әрекеті автоматты
түрде жетекшіленбейді. Баланың оқуға қызығушылығы бірнеше
себептерден жоғалуы мүмкін:

    1) оқушының ұстанымы қалыптаспағандықтан, оны сақтап
қалу үшін ешқандай әрекеттің қажеті болмайды;

    2) оқушының ұстанымы оқыту үдерісінің мазмұнымен
байланыспайтындықтан, нәтижесінде балалардың көпшілігі үшін
немен айналысқандары емес, жағдайлардың маңызы жоғары бо-
лады;

    3) оқу мотивациясының төмендеуі;
    Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы бар. Д. Б. Эльконин
бойынша оқу іс-әрекетінің компоненттері:
    Бірінші компонент – мотивация. Оқу іс-әрекеті мотивтелген,
ол алға жетелейді және түрлі оқу мотивімен бағытталады.
    Екінші компонент – оқу тапсырмасы, яғни бала орындау ба-
рысында әрекеттің жалпы тәсілдерін меңгеретін тапсырмалар
жүйесі.
    Оқу операциялары әрекеттер тәсілдерінің құрамына кіреді.
Операциялар және оқу тапсырмалары оқу іс-әрекетінің негізгі
буыны болып есептеледі.
    Төртінші компонент – бақылау. Алғашқыда балалардың оқу
жұмысын мұғалім бақылайды. Біртіндеп олар өздері бақылай бас-
тайды. Бақылаудың соңғы кезеңі – бағалау.
    Оқу іс-әрекетінде баланың қоғаммен қатынастары жүзеге аса

                                    192

⇐ МАЗМҰНЫ
   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196   197