Page 193 - index Bapaeva
P. 193

бастайды, оны жеке басының сапаларымен қатар, психикалық
үдерістері де қалыптаса бастайды

    Бірінші сынып оқушыларында қабылдаудың саралап
қабылдау түрі жақсы дамыған (түсін, пішінін дұрыс атағанымен,
кейбір ерекшеліктеріне көңіл аудармау). Баланың талдауы мен
саралауының дұрыс дамуы үшін тек қана түсінісу мен кейбір
қасиеттерін ғана қабылдау жеткіліксіз, ол үшін іс-әрекеттің ерекше
түрі – бақылау қалыптасуы керек. Бұл қасиет тек оқу іс-әрекетінің
негізінде қалыптасады. Оқу кезінде заттардың қасиеттерін сара-
лап түсіндіру негізінде, қабылдау басқа да танымдық процестер-
мен бірігіп (зейін, ойлау) мақсатты түрде және ерікті қабылдауға
айналады.

    Мектепке жаңа келген балада еріксіз зейін басым бола-
ды. Мектептегі оқу үдерісі баланың ерікті зейіні болуын талап
етеді. 2-3 сыныпта баланың ерікті зейіні едәуір дамиды. Бірақ
баланың зейіні тұрақсыз болады, сондықтан тәжірибелі ұстаз оқу
үдерісінде әртүрлі әдістер қолданады (санаудың әртүрлі әдістері).
1-2 сыныпта баланың зейіні ойша әрекетерге қарағанда сырттай
әрекет жасауда тұрақты болады.

    Бастауыш сыныптың оқушысы көбінесе, өзіне ерекше әсер
еткен заттарды ғана есінде жақсы ұстайды. Ал оқу үдерісі бары-
сында көптеген заттарды еріксіз есте сақтау қажет. Осыған бай-
ланысты есте сақтау жолдары қалыптаса бастайды. Алдымен
бірнеше рет қайталау негізінде, содан соң мағынасын түсініп,
есте сақтауды үйрене бастайды. Психологияда мынадай заңдылық
бар: қандай зат ақыл-ой әрекетінің заты болса, сол жақсы есте
сақталады. 2-3 сынып оқушыларының еріксіз есі жақсы дамыған,
бірақ осы кезеңде естің сапалық өзгерулері болатыны байқалады.
Ес екі бағытта дами бастайды – ырықты және мағыналылық.
Мағыналық естің дамуы есте қалдырудың рационалды тәсілдерін
игеруге мүмкіндік береді.

    Бастапқы кезде қиялдағы заттар бір ғана күйде (статикалық)
болса, 2 сыныптың соңы 3 сыныптың басында қозғалыс
(динамикалық), өзгерістік күйде қалыптасады. Қайта жасау қиялы
негізінде мазмұндама жаза алу, оқыған әңгімедегі сюжетті өзгерту,
кейбір объектілерді жалпылау жағдайы мен болған оқиғаны
уақыт аралығында елестете білу – міне, осының бәрі баланың
творчестволық қиялын дамытудың алғышартары.

                                    193

⇐ МАЗМҰНЫ
   188   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198