Page 215 - index Bapaeva
P. 215

Ұжымдағы тиімді іс-әрекет ұжымның мазмұны мен
мақсаттарының эмоционалды үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Яғни, іс-әркеттің заттары мен үдерістерінің қызықты болуы
және эмоционалды күйдің өзектілігі жеткіншек қажеттіліктеріне
сәйкес келеді.

    Адамдар қарым-қатынасындағы бәсекелестік рух пен күштің
бірлігі сияқты. Бәсекелестік негізінен эмоция арқылы көрінеді. Ол
ұжымдағы эмоционалды ахуалдың туындап әсер ететін, адамзат
қарым-қатынасының маңызды бір бөлігі.

    Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, іс-әрекетті
ұйымдастыру, адамдардың мінез-құлқын белсендіре түседі.

    Эмоциялық үйлесімділікпен қатар эмоциогенді жағдайлар
бар:

    1. Өзара әрекеттестікте нақты рөлді иеленіп, жеке тұлғаның
өзіндік айқындалуына психорөлдер жағдай жасайды. Мұндай іс-
әрекет балалар ұжымындағы ойын түріндегі іс-әрекетке түрткі
болады. Іс-әрекеттің мұндай түрі жеке тұлғаның әр қырынан
көрінуіне ықпал етеді. Ойын түрінде өткен іс-әрекет балалар
ұжымындағы мәселелерді шешуге көмектеседі.

    2. Музыкалық-психологиялық жағдайлар, жалпы әуеннің өзі
де адамның эмоционалды күйіне терең әсер етеді.

    Адамдардың басын қосудағы, қатынастарды реттеуде
музыканың алар орны ерекше.

    Адамдар арасында өзара әрекеттестіктің жасырын, мәнді
жағдайлары бәсекелестік, құпия бақталастық, ұжымшылдық не-
месе топтық кепілділік, дөрекі қысым немесе саналы тәртіп.
Адамдар арасындағы өзара әрекеттестіктің төрт негізгі тәсілі
үгіттеу, еліктеу, жұқтыру және сендіру әрекеттері арқылы жүзеге
асады.

    Еліктеу – индивидтің қандай да бір мінез-құлық көріністерін,
әрекеттерін, мәнерін қайталау.

    С. Л. Рубинштейн бойынша адам мінез-құлығының сыртқы
көрінісі негізінде оны танимыз, оның сыртқы мәліметтерінің
мәнін ашамыз. Қарым-қатынас үдерісінде мұндай мәліметтер
маңызды реттеуші рөл атқарады. Біріншіден, басқа адамды тану
барысында танушы индивидтің өзі де дамиды. Екіншіден, басқа
адамды тану дәлдігінің өлшеміне онымен келісілген әрекеттердің
жетістігі байланысты. Адамдардың бір-бірін қабылдау үдерісі

                                    215

⇐ МАЗМҰНЫ
   210   211   212   213   214   215   216   217   218   219   220