Page 216 - index Bapaeva
P. 216

қарым-қатынастың құрамды бөлігі, яғни перцепция деп аталады.
Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы танудың ең бір
тиімді жолы сол адамның орнына өзін қоя білуі. Яғни, оның ішкі
жан күйзелісін ұғып, түсіну эмпатия құбылысымен ұқсас. Бұл
өзін басқа адамның орнына қойып оны түсіну. Эмпатия – басқа
адамның ішкі әлеміне еніп, оның барлық сезімдері мен ойларын
эмоциялы түрде қабылдау.

    4. Педагогтың жеткіншекпен қарым-қатынасындағы рөлі
және жеткіншектің оқу үдерісі

    Педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас психология-
лық, педагогикалық зерттеулерде басты мәселелердің бірі болып
табылады. Осы қарым-қатынас негізінде «педагогикалық қарым-
қатынас» деген ұғым пайда болды.

    А. А. Бодалев және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде
педагогикалық қарым-қатынас формалары, мазмұны, тәсілдері
бойынша сипат алады. Педагог пен балалар арасындағы нақты
психологиялық контракт деп түсіндіреді.

    Педагогикалық қарым-қатынастың формасы – балалар
мен педагогтың «субъект-субъект» жүйесіндегі бірлескен
әрекеттестіктері болып табылады.

    Балалардың ересектермен, әсіресе мұғалімдермен қарым-
қатынасы өте маңызды. Себебі балада мектептегі оқуға өтумен
байланысты өзінің іс-әрекетіне, ересектермен және құрбыларымен
жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар,
білімдерді меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының әлеуметтік
позициясы қалыптасады (Л. И. Божович). Ересек адам баланы
жаңа іс-әрекеттерді орындауға дұрыс үйретсе, оның оқуға де-
ген қызығушылығы нығайып, оқудың жағымды мотивациясы
қалыптасады.

    Балалардың таным дүниесінің мінез-құлқы мен адамгершілік
позициясының қалыптасып, жетілуіне педагогикалық қарым-
қатынастың әсері зор. (Х. Т. Шерьязданова, В. Ф. Моргун)
Балалардың құрдастарымен жақын қарым-қатынасымен бірге,
ересек адамдар, әсіресе, мұғалім оқушы үшін беделді адам иесі

                                    216

⇐ МАЗМҰНЫ
   211   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221