Page 217 - index Bapaeva
P. 217

екенін ғалымдар Л. И. Божович, В. В. Давыдов, Д. Б.Эльконин
атап көрсетеді.

    Педагогтың балалар психикасына әсер етудегі рөлі қарым-
қатынас стилі арқылы көрінеді.

    В. С. Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың балаларға
әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық
ерекшелігі деп анықтайды.

    Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль
педагогтың позициясынан байқалады. Іс-әрекетті күшпен орында-
туы, балалар иницитивасын табан асты ету, балалардан бағынуды
талап етуі, балалар мүмкіншілігінен тыс жетістіктерге үміттенуге
әсер ету педагог үшін тәрбиелеу тәсілдерінің бірі болып табылады.
Мұндай тәсілдер балалардың мінез-құлқына кері әсерін тигізеді,
яғни қорқыныш-үрейлі күй кешуі, жүріс-тұрысын реттей алма-
уы, кез келген іс-әрекетке қызығушылығы мен ниет, мотивтерінің
болмайтындығы зерттеу еңбектерде анық байқалады.

    Дара стиль мейірім, достық негізде болатындықтан,
балалардың өзін-өзі еркін ұстауына, сенімді болуына,
адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамытуына
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, демократиялық стильде балалар
мен педагог арасындағы қарым-қатынас тең позицияда болады.
Балалардың ішкі мүмкіндіктерін шығаруына педагог жағдай жа-
сайды.

    Либиральды – босаң стилі негізінен балалардың топтық
жағдайға бейімделе алмауы, өз міндеттерін түсінбеуі
педагогикалық қарым-қатынастың осы стиліне тән қасиет. Бұл
педагогтың кәсіби әлсіздігімен және енжарлығымен түсіндіріледі.
А. А. Бодалев балалардың эмоциялық қалпында және педагогтың
қарым-қатынас стилі арасында өзара байланыстың болатынын
дәлелдеген.

    В. С. Мухина, А. В. Мудрик педагог пен балалар арасындағы
қарым-қатынаста барлық стильдер қолданылғанымен, осы
стильдердің ішінен бірі басымдырақ болады. Бұл қарым-қатынаста
педагог сендіру, иландыру тәсілдерін қолданады.

    Иланушылық (сендіру) – қарым-қатынастағы адамдардың
өзара әсер ету үдерістерінің бірі ретінде ырықты немесе ырықсыз,
тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Педагогикалық тұрғыда
сендіру амалы күшті тәрбие құралы. Сендіру қарым-қатынастағы
өзара әсер етудің барлық әдістерінің ең жетекшісі.

                                    217

⇐ МАЗМҰНЫ
   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221   222