Page 218 - index Bapaeva
P. 218

Үгіттеу – қандай да пікірдің немесе ой қорытындысының
логикалық негізін келтіру, жеке тұлағының эмоционалды әрі ра-
ционалды қыры арқылы өзіне немесе бүтіндей топқа әсер ету.
Түсіністік пен күйзелістің бірлігіне жетуді мақсат етуді көздеген
екі немесе бірнеше адамдардың ашық немесе жасырын айты-
сын, яғни талқысын үгіттеу үдерісі деуге болады. Үгіттеу –
үгіттеушінің хабарындағы мазмұны ақпараттың болуымен бірге
қабылданушының саналы қатысы.

    Оқушылардың ересектермен қарым-қатынас қажеттілігінің
мазмұны, балалардың жетекші іс-әрекетінің сипатымен
детерменделеді (М. И. Лисина, А. Н. Леонтьев).

    В. В. Давыдов бала мектепке келісімен оқу үдерісінде жеке
тұлғаның теориялық санасының негіздері қалыптасатынын
(ғылыми, көркемдік, адамгершілік) дәлелдейді.

    Д. Б. Эльконин бойынша оқушы өзінің мектептегі жұмысын
қоғамдық міндетті іс-әрекет ретінде қабылдай бастайды, оқушы
бойында жаңа қоғамдық сезімдегі мотивтері көріне бастайды.
Б. Г.Ананьев балалардың мектептегі оқу үдерісі олардың бүкіл
өмірін жаңаша ұйымдастырып, баланың отбасындағы орнының
өзгертетіндігіне ерекше көңіл бөледі, өйткені онда отбасынан тыс
міндеттер, яғни міндетті оқу еңбегі пайда болады.

    Психологтар оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы
оқу іс-әрекетінің мәніне көңіл бөліп, «оқушының ішкі пози-
циясын қабыл алу», (Л. И. Божович), «оның танымдық және
адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез-
құлық мотивтерінің өзгерісі» (В. В. Давыдов), баланың «мектеп-
те оқу міндетін» сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі
(Н. Ф. Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді.

    Баланың өзіне жетекші мотивті таңдап алуына байланысты
оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды (Л. И. Божо-
вич, А. Н. Леонтьев). Ақыл-ой әрекетіне, түрлі қатынастардың
қайта құрылуына әсер ететін, өте мәнді фактор ретінде көрінетін,
«педагогикалық бағамен» және эмоционалды-еріктік сферасы-
мен, оқушының мотивациялық аясы анықталды.

    Д. Б. Эльконин, балалардың жеке қарым-қатынасы мен ере-
сектермен жалпы қарым-қатынастарының жүйесі оқу іс-әрекеті
арқылы жанамаланады деген қорытынды жасады. Баланың оқу
іс-әрекетіне енуі ересектің, оқушының өзіндік сана сезіміне

                                    218

⇐ МАЗМҰНЫ
   213   214   215   216   217   218   219   220   221   222   223