Page 219 - index Bapaeva
P. 219

әсер ету мүмкіншілігін дамытады. Осындай көзқарас негізінде
оқушы мен ересек арасындағы өзара қарым-қатынастары, қарама-
қайшылықтағы екі тенденциямен сипатталады. Біріншіден,
ересектер талаптарына мойынсұну, бағыну міндеті болса,
екіншіден, өзінің жеке басының дербестігін, құқығын қорғау
мақсатында тәуелсіздік сезімі пайда болады. Осындай даму са-
тысы нәтижесінде баланың сана-сезімі жаңадан қалыптаса бас-
тайды. Ересектермен қарым-қатынас қажеттілігі туындайды.
Балалардың достық қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары
мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігуі, олардың өзара
қарым-қатынасының негізгі түбірі болып саналады.

    М. И. Лисина қарым-қатынас көп жағдайда өз-өзін және басқа
адамдарды тану қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет ретінде
болады дейді. Құрбыларының арасында өзіне лайықты орынды
иеленуге деген ұмтылысы, өмірлік тәжірибесі, мектеп өміріндегі
өзгерістерден кейін балада пайда болады (А. Н. Леоньтев, Л.И. Бо-
жович, И. В. Дубровина, Б. Г. Ананьев). Балалардың ересектер-
мен, әсіресе, мұғалімдермен қарым-қатынасы өте маңызды, себебі
балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс-әрекетіне,
ересектермен және құрбыларымен жаңа қатынасқа, жаңа өмір сал-
тына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайындығын
қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады
(Л. И. Божович). Ересек адам баланы жаңа іс-әрекеттерді
орындауға дұрыс үйретсе, оның оқуға деген қызығушылығы
нығайып, оқыудың жағымды мотивациясы қалыптасады.

    Сонымен қатар, жасөспірімнің таным үдерісі де дами түседі.
    Оқу материалдарын қабылдауы бейнелермен объектілерді са-
лыстырып түсіну. Оқу үдерісінде қабылдау ойлануы талап етеді.
Қабылдау дегеніміз – мағлұматтарды тұтастығымен бейнелеу.
Оқушы көбіне қызғылықты материалға көңіл бөліп, қиын мате-
риалды оқығысы келмейді. Сондықтан жеткіншек материалды
тұтас қабылдай алмай, үзінді етіп мәнсіз қалдыруы мүмкін. Ал
жеткіншек зейіні олардың тек қызық объектіге назар аударуы-
мен шектелмейді. Олардың ой-өрісі қалыптасып қалғандықтан,
әр нәрсеге, яғни қызықты және қызық емес объектілерге арнайы
түрде зейінін бөле алады. Жеткіншек зейіні сабаққа қалыптасса,
онда ол назарын бір объектіден екінші объектіге аударып отыруға
толық мүмкіншілігі бар. Жасөспірім жады мен есі төменгі сынып

                                    219

⇐ МАЗМҰНЫ
   214   215   216   217   218   219   220   221   222   223   224