Page 220 - index Bapaeva
P. 220

оқушыларына қарағанда, өз айырмашылығымен ерекшеленеді.
Себебі төменгі сынып оқушысы мазмұнды ғана жадында сақтаса,
ал жеткіншек мазмұнды мағынасына қарай есінде қалдырады.

    Ж. Пиаже 12-13 жаста жеткіншектерде ойлаудың ең күрделі
тәсілі, формалдық операция жасау көрініс табатынын айтады.

    Жеткіншек жасында жеке заттарды ұғымға жатқызып, оларды
топтастыру, олардың өзара байланысын білу кеңінен өріс ала бас-
тайды.

    Психолог В. В. Давыдов баланың абстрактылық ойының да-
муына ерекше мән береді. Абстрактылық ой дегеніміз – нақты
заттарға мән бермей, солардың негізгі белгілерін біріктіріп, жал-
пылап бейнелеу. Сонымен бірге, жеткіншек жекеден жалпыға,
жалпыдан жекеге ойша көшіп отырады. Жеткіншек нәрселердің
сырын жорамал амалына, яғни аналогияға сүйеніп біледі.
Тиісті мәселелердің сырын жорамалға сүйеніп білу ойланудың
жоғарғы түрі болып саналады. Математика, физика пәндерінде
қолданылатын амал-тәсілдерді тиісті шешіп шығаруда қолдануға
үйренеді. «Егер бұлай болса», «мынадай қорытынды шығады»
деген сияқты формальдық операцияларды ойша қолдана алу,
жеткіншектің ой-өрісін кеңейтіп, келелі міндеттерді шешуге
жағдай туғызады.

    Мектептің тартымдылығы балалардың көбіне құрдастарымен
қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне байланысты артады.
Жеткіншек үшін сабақ тек оқу емес, сонымен бірге сыныптаста-
рымен, мұғаліммен жасалатын қарым-қатынас, елеулі әрекеттер,
толғаныстарға толы ахуал. Материалдың өте қызықты түсіндірілуі
және сабақта мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру шеберлігі ғана
жеткіншекке жолдастарын ұмыттыра алады. Жеткіншекте жеке
мүдделер, ұнамды сабақтары мен қызығулары пайда болады.
Тәжірибенің, айналадағы ортамен және адамдармен байланыстың
молайып, ұлғаюы жеткіншектің оқуға деген зейінін кемітеді.
Жеткіншектің оқуындағы қолайсыздықтың бірінші көрсеткіші
төменгі сыныптармен салыстырғанда үлгерімнің төмендеуі.

    Мұның себептері оқу материалдарының игеру әдісінің дұрыс
болмауына, оқуға деген көзқарастағы олқылықтар. Бұл екеуінің
табиғи салдары-білімдегі олқылықтардың көбеюімен байланысты
болуы мүмкін.

    Жеткіншектер қатал мұғалімдерді көп жағдайда үлкен
құрметпен қарап, бағалайды. Себебі ондай мұғалімдердің бо-

                                    220

⇐ МАЗМҰНЫ
   215   216   217   218   219   220   221   222   223   224   225