Page 221 - index Bapaeva
P. 221

йынан білімділікті, әділдік пен мейірімді көріп, материалды тар-
тымды әрі түсінікті етіп түсіндіре білетінін, сабақты қарқынды
ұйымдастырып, оған оқушыларды тарта білетін қабілетіне
мойынсұнады.

    Жеткіншектік кезеңде оқу деген ұғымның мағынасы кеңейеді.
Өйткені білім алу оқу программасының шеңберінен шығып,
мақсатқа сай жүзеге асады. Оқу мен білімге деген көзқарас
әр балада сапалық жағынан әр басқа болуы мүмкін. Көптеген
жеткіншектерде ақыл-ой жұмысына деген тұрақты бейімділік,
жаңа білімдер мен қасиеттерді меңгеруге ұмтылады. Ғылымның
тиісті салаларына, өнер мен техникаға тұрақты ынта пайда бо-
лады. Жеткіншектерде мазмұны мектеп программасынан дербес
қызметте жеке бастың бағалы қасиеттері қалыптасады.

    Жеткіншектік кезеңде мектептегі оқу формалды іс-әрекетке
айналуы және оқудан басқа күшті мүдделер басым болуы мүмкін.
Оқудың қажеттігін абстрактілі түсінудің өзі жеткіншек үшін
жұмыс жасаудың жеткілікті стимулы болмайды. Позициялық
себептердің ынталандырушы күші күшті болуы мүмкін. Алай-
да баға алуды оқудағы басты нәрсе деп қарау, игерілетін білімге
ықылас болмаған жағдайда оқу қызметінің күйреуіне апарып
соғады. Оқу қызғылықсыз ауыр еңбекке айналып, білімнің фор-
малды ғана сипаты болады.

    5. Жеткіншектің ересектермен қарым-қатынасының жеке
тұлға ретінде қалыптасуына тигізетін әсері

    Ересектермен қарым-қатынас негізінде баланың жеке
тұлғасы қалыптасады. Ересек адам адамның психикалық дамуы-
на ықпал етіп, адамзат мәдениетінің жетістіктерін ұрпаққа та-
быс етеді. (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн,
М. И. Лисина). Балада қарым-қатынас қажеттілігінің пайда бо-
луы, оның онтогенездегі дамуының анықтаушы мезеті болып
табылады. Баланың жеке тұлғасының қалыптасуының жетекші
факторларының бірі – ол балалардың ересектермен қарым-
қатынасы. Балалардың бір-бірімен қарым-қатынасының мәнінің
ұлғаю себебі, ересектермен қатынасының белгілі дәрежеде
жетіспеуінен деп көрсетеді.

                                    221

⇐ МАЗМҰНЫ
   216   217   218   219   220   221   222   223   224   225   226