Page 222 - index Bapaeva
P. 222

Э. Л. Фрух пен Л. С. Славина, 30-жылдардың өзінде кейбір
балалардың теріс мінез-құлықтарының астарында «психикалық
витаминдер», яғни үлкендер тарапынан болатын мейірімнің,
қарым-қатынастың жетіспеуі жатыр делінген. Үлкендер тара-
пынан болатын махаббат, көңілдің бөлінбеуі әсерінен баланың
жаны да, тәні де қалжырайды. Мұндай жағдайлар баланың жеке
тұлғасының белгілі бір дәрежеде дамуына кедергі жасайды,
себебі әлеуметтік дағды тәжірибесі бірден төмендеп, бала өзінің
жеке басын дұрыс бағалай алмайды (М. И. Лисина, В. С. Мухина,
С. Т. Якобсон).

    Жеткіншектердің ми қабы клеткалары тітіркендіргіштерге
әсерленгіш, сондықтан олар ренжуге не қуануға бейім келуі
мүмкін. Жеткіншек психикасының дамуына әсер ететін
қайшылық, көне мен жаңаның арасындағы күрес. Баланың бойын-
да жаңа қасиеттер пайда болады. Бұған жеткіншек «мені» жата-
ды. «Мен» дегеннің мәні ол енді кішкентай емес, есейді, үлкендер
оны азамат деп санауы тиіс. «Бала» деген олардың түсінігінше
тек үлкендердің көмегімен өмір сүретін адамды білдіреді.
Сондықтан үлкен адамдар олардың есейгенін мойындап, ере-
сек адам ретінде қабылдағанын қалайды. Әр жас кезеңіне өткен
сайын, оның «Мен» деген қасиеті өзгеріп, үнемі жаңа мазмұнға
ие болып отырады. Жеткіншек пен үлкендер арасындағы қарым-
қатынастарында қайшылықтар болып тұрады. Себебі жеткіншек
өзін есейдім деп есептейді де, үлкен адамдардың оған әлі бала деп
қарауының келіспеушілігінен болады. Осындай қайшылықтар
нәтижесінен олардың өмірінде дағдарыстар болады. Бұл дағдарыс
11-16 жас арасында болады, яғни жеткіншектердің өздеріне де-
ген қатынастарына риза болмауынан. Қыздар киім киюде, не өзін
күтуде, ал ұл балалар тиісті міндеттерді өз бетімен орындағысы
келеді. Ал үлкен адамдар тарапынан мұндай істі өз бетімен істеуіне
наразылық білдіріп, бүлдіріп аласың деген күдігінен туындайды.
Сондықтан жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей
отыр», - деп реніш білдіреді. Егер осындай қатынас ұзаққа созыл-
са, жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік туып, бала
негативтік халде болып, үлкендер айтқанын орындамауға тырыса-
ды. Үлкендер арасындағы қайшылықтар, түсінбеушіліктерді неміс
психологы К. Левин «ойлық бөгет» деп атаған. Жеткіншек пен
үлкен адамдар арасындағы түсінбеушілік нәтижесінен үлкендер

                                    222

⇐ МАЗМҰНЫ
   217   218   219   220   221   222   223   224   225   226   227