Page 223 - index Bapaeva
P. 223

сөзіне құлақ аспай, тыңдамауына әкеп соқтырады. Мұндай қарым-
қатынастағы қайшылықтар кейін қақтығысқа апарады.

    Жеткіншек өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалап, өзіне дербес
азамат деп қарауы тек өзгелермен тығыз қатынас жасап, соларды
жақсы білуден пайда болады. Жеткіншектің «мен» қасиеті өзінің
кім екенін біліп, өз мүмкіншілігін дұрыс бағалауға пайдасын
тигізеді. Мұны адамның өзін-өзі дұрыс бағалай алуы, сананың
өзіне тән қасиеті деп атайды. 	

    Жеткіншектер өздерінің ісіне талдау жасап, оның жағымды
не жағымсыз жақтарын ажырата бастайды. Жеткіншек кезде
өзін-өзі білгісі келу қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік
үлкендер мен құрбыларының жеткіншекке қоятын талабының
дұрыс не бұрыс екендігін білуге арналады. Сонымен бірге
жеткіншектің қандай іске икемді және қандай істі атқара алаты-
нын білуге ұмтылуына көмегін тигізеді.

    Жеткіншектің өз мүмкіншілігін сезе алуына, бағалуына, өзін
меңгере алуына ықпал етеді. Үлкендердің оны ересек азамат деп
қабылдауын талап еткендіктен, жеткіншек өз мінезінің жағымсыз
жақтарымен күресіп, жағымды жақтарын дамытып отырады.
Жеткіншекті азаматтық қасиетке ие болуға итермелеудің бір
себебі, өзінің кемшілік жақтарын сезе алуы. Өзінің ісін, әсіресе
қателерін талдау үшін біраз уақытын жібереді. Жеткіншектің идеа-
лы көркем әдебиеттегі кейіпкерлер немесе өзінің жақсы көретін
адамдары болуы мүмкін. Егер идеалы кейіпкерлер болса, онда
олар сол кейіпкерлердің ұнамды жақтарын жинап соған еліктейді.
Ал еліктейтін бейне өзінің ұнататын адамы болса, барлық күшін
оның ісіне еліктеуге салып, ақылын, сөзін тыңдауға ұмтылады.

    Жасөспірімнің «Мені» әлі толық дамымаған, сол себепті
ол барлық уақытта мазасызданып бір нәрсені іздеп отырады.
Жасөспірімнің өз құрдастарымен, үлкен адамдармен қарым-
қатынаста болуы олардың «тұлға» болып өсіп жетілуіндегі ең
маңызды шарт болып табылады. Қарым-қатынастың сәтсіздікке
ұшырауы жасөспірімнің барлық уақытта дискомфортта жүруіне
әкеліп соғады. Ал мұның орнын жасөспірім өмірінің басқа
саласындағы жетістіктері толтыра алмайды. Адамдармен қарым-
қатынасты жасөспірім өзі үшін өте маңызды деп санайды. Олар
адамдармен қарым-қатынас жасағанда олардың дауыс ырғағына,
сеніміне көп көңіл бөледі. Осының бәрін ол түсінгісі келіп

                                    223

⇐ МАЗМҰНЫ
   218   219   220   221   222   223   224   225   226   227   228