Page 250 - index Bapaeva
P. 250

Осы өзгерістерге қарап адамның қандай эмоцияны сезініп
тұрғанын білуге болады.

    Сезімнің пайда болуы және оны жеткізе білу ми қыртысы
(кора), қыртыс асты (подкорка) және вегетативтік жүйке жүйесіне
байланысты. Ең басты рөлді қыртыс (кора) алып жүреді, бірақ
(подкорка) қыртыс астының да өз рөлі бар. Себебі қыртыс астын-
да вегетативтік жүйке жүйесін және ішкі органдарды басқаратын
орталық орналасқан.

    Жастық кезде эмоция адамның ішкі дүниесіне үлкен әсер етеді.
Жасөспірім терең қайғырып, дүниедегі болып жатқан өзгерістерге,
жағдайларға өз көзқарастары қалыптасып, жас баланың бойында
әртүрлі эмоция мен сезімдерді тудырады.

    «Есейген сезім». Көп авторлардың байқағанындай,
жасөспірімнің бойында болатын субъективті сезім. Жасөспірім
үлкендердің ұжымының тиісті мүшесі болғысы келіп, өзін-өзі би-
леп, өзінің есейгенін дәлелдегісі келеді. Үлкендер оның есейгенін
мойындап, сыйлағанын, онымен ақылдасқанын қалайды.

    К. Левиннің ойынша, жасөспірім маргиналдық күйде бола-
ды. (Бұл терминмен әлеуметтануда екі мәдениетке жататындар-
ды белгілейді). Жасөспірім енді бала болғысы келмейді, бірақ ол
өзінің әлі үлкендер қатарына жатпайтынын түсінеді.

    Маргиналдық тұлғаның ең басты дәлелдері: эмоционал-
ды тұрақсыз болу, сезімталдық, ұялшақтық, агрессия көрсету,
қоршаған адамдармен конфликтік қарым-қатынас, асыра баға бе-
румен бірге шектен тыс қимылдар жасау (Фельдштейн, 1996).

    «Өзін есейдім» деп сезінудің ең басты көзге түсер белгілері
мыналар:

    1. Үлкен адамдардың сырт пішініне еліктеу: темекі тарту, кар-
та ойнау, вино ішу, ерекше лексикон пайдалану, үлкен адамдар-
ша киіну, шашын жасауы, косметика қолдану, әшекейлер тағу.
Үлкендерше дем алу, олардың ойындарын ойнау, біреуге көңіл
бөлу. Бұлар ересек болудың ең оңай және де ең қауіпті түрлері.

    2. Ұл балалардың «нағыз еркекше еліктеуі» бұлар: күшті болу,
батыл болу, жаужүректік, төзімділік, қайратты болу, досқа деген
берілгендік. Өзін-өзі тәрбиелеудің бір түрі спортпен айналысу бо-
лып келеді. Айта кететін жағдай: қазіргі заманда көп қыздар осы
еркектік қасиеттерді иеленгісі келеді.

    1. Әлеуметтік есею. Бұл жасөспіріммен үлкен адамдардың

                                    250

⇐ МАЗМҰНЫ
   245   246   247   248   249   250   251   252   253   254   255