Page 251 - index Bapaeva
P. 251

арасындағы әртүрлі қарым-қатынас тән жасөспірім үлкен адамға
көмекші болған жағдайларда қалыптасады.

    2. Ақыл-ой жағынан жетілу. Бұл жасөспірімнің бірдеңе біліп,
үйренгісі келетінін өзіндік ізденістерінен көруге болады. Осы
жастағы жасөспірімнің білім деңгейі оның өздігінен ізденіп,
талаптанғанының нәтижесі. Білім алудың мұндай балалар үшін
зор мағынасы бар.

    Жасөспірім шиеленіскен сезімде жүреді. М. С. Неймарктың
жұмыстарында «адекваттылық емес аффекті былай суреттеледі:
орынсыз қызбалық, кішкентай балалардың мінезіне лайық өзін-
өзі ұстай алмаушылық. Оның байқауынша, бұл жағдайдың
түбінде жасөспірімдердің өзінен шектен тыс көп талап етуі, сол
талаптарға сәйкес келе алмауы жатыр.

    Әсіресе, осы жастарда жасөспірімдер сезімнің үлкен диапа-
зондарында болады. Албырт сезімді жасөспірімді алған бетінен
ештеңе қайтара алмайды, олар мұндай кезде ұят, өнегелік
дегендерді мүлдем ұмытады. Олар, тіпті өлімнен де қорықпайды.
Олардың көздері жалын шашып қайсарлық білдіріп тұрады. Өз
мақсаттарынан басқа ештеңені елемейді. Бірақ ынта кетеді, ішкі
және сыртқы энергияны орынсыз көп жұмсағаны босқа болады.
Ол еш әрекетсіз болады. Ол рухани босап, енді ештеңе оған күш
бере алмайтын сияқты. Бірақ ең әлсіз деген ұшқынның өзі оған
күш беріп, лаулатып жіберуі мүмкін. Осындай сәттерде олар жаңа
армандарға талпынып кездескен әрбір қиындықтарды жеңуге да-
йын болып шыға келеді.

    Жасөспірімдер өзімшіл, өздерін дүниедегі ең қызықты, ең
маңызды адам деп санайды. Сонымен қатар өмірінің басқа период-
тарында адамдар жасөспірімдерге лайық, досқа деген қимастық
пен өзін-өзі құрбан қылу сияқты қасиеттерді жасай алмайды.

    С. Л. Рубинштейн бойынша адам мінез-құлығының сыртқы
көрінісі негізінде оны танимыз, оның сыртқы мәліметтерінің мәнін
ашамыз. Қарым-қатынас үдерінде мұндай мәліметтер маңызды
реттеуші рөл атқарады. Біріншіден, басқа адамды тану барысында
танушы индивидтің өзі де дамиды. Екіншіден, басқа адамды тану
дәлдігінің өлшеміне онымен келісілген әрекеттердің жетістігі бай-
ланысты. Адамдар бір-бірін қабылдау үдері қарым-қатынастың
құрамды бөлігі, яғни перцепция деп аталады. Басқа адамдармен
қарым-қатынас жасау арқылы танудың ең бір жолы сол адамның

                                    251

⇐ МАЗМҰНЫ
   246   247   248   249   250   251   252   253   254   255   256