Page 252 - index Bapaeva
P. 252

орнына өзін қоя білуі. Яғни, оның ішкі жан күйзелісін ұғып, түсіну
эмпатия құбылысымен ұқсас. Бұл өзін басқа адамның орнына
қойып оны түсіну. Эмпатия – басқа адамның ішкі әлеміне еніп,
оның барлық сезімдері мен ойларын эмоциялы түрде қабылдау.

    3. Жасөспірім жастағы балалардың санасының даму
кезеңдері 	

    Психиканың түрлі формаларының адамдардың
ерекшеліктеріне сай өзгеруі, адамзат өмірінің сатыларына бай-
ланысты әртүрлі қарқындылығымен ерекшеленеді, өмірдің жеке
кезеңдерінде әртүрлі мәндерге ие.

    Ересек балалық шақ кезең екі кезеңге бөлінеді.
    1. Жеткіншек кезеңі баланың жыныстық дамуына сәйкес келіп,
11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Осы жас шамасын-
да жеткіншектің дене бітімінің өзгеруіне байланысты, өзін жаңа
қырынан тануға мүмкіндік алады.
    2. 16 жастан 23 жасқа дейінгі балғын шақ кезеңінде адам
ересектікке бет алады.
    Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның
қоршаған ортамен қатынастарының бұрынғы қалпының
бұзылуымен және басқа адамдармен, басқа әлеммен өзара
қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуымен байланысты
дағдарыстар орын алады. Баланың әлеуметтік ортасы және
адамның өзі үшін мәнді психологиялық қиыншылықтармен си-
патталады.
    Мектеп баланың дербестілігіне, оның ата-аналарынан
оқшаулануына ықпал етеді, оны қоршаған әлеуметтік және
физикалық әлемді зерттеудің кең мүмкіншіліктерін қамтамасыз
етеді. Мектеп кезеңінде іс-әрекет субъектісімен қатар жеке тұлға
қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қоғамдық бағдарланған әсердің
қалпы күрделеніп, тікелей баланың құрдастарымен және ересек-
термен қарым-қатынасы және әлеуметтік әсердің әрқилы канал-
дары арқылы, жанамаланған (кино, теледидар, шығармашылық
әдебиет және т.б.) сипатқа ие бола бастайды. Мектеп кезеңінде
жеке тұлға мен іс-әрекет субъектісінің біртұтас көріністері, яғни
мінезі, жалпы және қосымша қабілеттері, дүниетанымы, мақсатты
түрде болжай алу іскерлігі мен мотивациялық-қажеттілік сферасы,

                                    252

⇐ МАЗМҰНЫ
   247   248   249   250   251   252   253   254   255   256   257