Page 254 - index Bapaeva
P. 254

басқа адамды тану ғана емес, сонымен қатар басқа адамның өзіңді
қалай түсінетіндігін білу. Басқа адамдарды қабылдаудағы жалған
сенімдердің және нұсқаулардың (установка) таптаурындардың
да мәні ерекше орын алады. Таптаурындар басқа адамдардың
тобы жайлы әдеттегі, ықшамдалған түсініктер жүйесі. Ал жалған
сенімдер, адамдардың өзін, олардың мотивтерін, қылықтарын
білместен бағалау. Кез келген адамды үйреншікті түрде қабылдап,
бағалауға қатысты адамның санадан тыс даярлығы. Ашық қарым-
қатынас өзара және адамдар арасында сенімділік және жылылық
ұялатады.

    Өзара сенім – кері байланыстың кепілі. Осы кері байланыс
арқылы басқа адам өзін қалай қабылдағанын біліп және оның
мінез-құлқы қандай сезімдерді туғызатындығы жайлы ақпарат
алады.

    Нақты жағдайдағы өзінің қылықтарына қатысты әсерін біліп,
өз мінез-құлқының нәтижеге әкелетіндігін ескеру арқылы басқа
адаммен қатынасының ерекшелігін түсінуге болады.

    Есейген жеткіншектерге өздерінің аффективтік реакциялары
мен бүкіл мінез-құлқын билеуге ұмтылу тән. Олардың өздерін
ұстай білуі біршама дамыған, пікірін, көңіл-күйін жасыра алады.
Мінез-құлықта қосарлылық пайда болады. Өзін ұйымдастыру
тенденциялары артады. Әртүрлі кәсіптердің мәні туралы пайым-
даулар туады. Ол «қажет», «қажет емес», «маңызды, маңызды
емес» деп сараланады. Мұндай саралауға жеке құндылықтардың
қалыптасып келе жатқан жүйесі арқау болады. Уақытты бос
өткізбеуге тырысу, уақыттың тез өтетінін сезіну, жоспарлауға
әрекеттену сияқты қасиеттері пайда болады. Жеткіншекте «ақыл»
мен «жүрек» жиі ынтымақта бола бермейді.

    Жеткіншектерде өздерінің ілгері басуына көзқарас, оны
бақылау, міндеттердің орындалмауы үшін күйініш, өзін-өзі
кәнілаулар, өзін-өзі сынау пайда болады. Зерттеу еңбектері 7-8
сынып оқушылары осы кезден бастап өзін-өзі тәрбиелеумен
шұғылданатынын көрсетті. Белгілі бір үлгілерді, бүгінгі күн
мен болашақтың қажеттерімен байланысты, өзі үшін нақты
маңызы бар міндеттер мен мақсаттарды бағдар етіп, ол іс-әрекет
жасап, өзін құра бастайды. Жаңа қасиеттерді игеру үшін өзін
өзгертуге бағытталған мұндай мақсат пен іс-әрекеттің пайда бо-
луы, жеткіншектік кезеңге тән және жеке адамның дамуындағы
сапалық тұрғыдан жаңа кезеңге көшуді білдіреді.

                                    254

⇐ МАЗМҰНЫ
   249   250   251   252   253   254   255   256   257   258   259