Page 253 - index Bapaeva
P. 253

кәсіби бағытқа бет бұруы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен іс-
әрекетін өз еркімен реттей алу іскерлігі қалыптаса бастайды.

    Баланың әлеуметтік ортаға дағдылануы және мінез-
құлқының адамгершілік үлгілерін меңгеріп, оның жеке басының
қасиеттері қалыптаса бастайды. Сол себепті қарым-қатынастың
маңызы бала үшін өте зор. Ең алдымен, баланың ересектермен
қарым-қатынасы арқылы ол ата-бабалардың көне мұраларынан
хабардар болып отырады. Сонымен бірге, қарым-қатынас арқылы
психиканың әлеуметтік нормалары сөйлеу тілі, естің, зейіннің,
ойлаудың, перцепцияның, ырықтың түрлері, жеке тұлғаның
қасиеттері қалыптаса бастайды. Адамгершілік сапаларының
күрделі жүйесінің қалыптасуына негіз болатын қарым-қатынас
қабілеттері, жеке тұлғаның қарым-қатынас тәжірибесінің
жинақталуы арқылы қалыптасады. Басқа адамдарды тануының
негізінде пайда болатын қарым-қатынас үдерісінде, жеке тұлғаның
сана сезімі, өзіндік реттеуі мен кері байланыс қасиеттері, жоғары
дәрежедегі сапалары пайда бола бастайды. Осылайша «топ-
тар арасындағы қарым-қатынас, ұжымдағы топтар арасындағы
қарым-қатынас, ұжым арасында қарым-қатынас дербес дамудың
әлеуметтік детерминациясындағы негізгі каналдардың бірі болып
табылады».

    Жанұядағы және құрдастарымен қарым-қатынастарынан тыс,
қарым-қатынастың жаңа түрлері, яғни топтарға енуі және түрлі
үйірмелерге қатысуы негізінде достық қатынастар жүйесі де
қалыптасады.

    Баланың оқу-танымдық іс-әрекетін жүзеге асыру үшін, қарым-
қатынас пен іс-әрекет субъектісін, жеке тұлғаның дамуы үшін
қарым-қатынастың осындай түрлері мен формаларының маңызы
өте зор.

    Б. Г. Ананьев бойынша, жеке тұлғаның интраиндивидуал-
ды құрылымымен, оның жеке қасиеттері мен ішкі әлемінің
ұйымдасуын жеке тұлғаның түрлі әлеуметтік топтары бар
қоғаммен байланысы анықтайды.

    Сана сезімнің дамуы әлеуметтенудің маңызды бір бөлігі бо-
лып табылады. Кері байланыс үдерісі қарқынмен дамып, бала өз
ойын айналасындағылардың көзқарасымен салыстыра бастай-
ды. Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың бір
түрі бұл – рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. Рефлексия

                                    253

⇐ МАЗМҰНЫ
   248   249   250   251   252   253   254   255   256   257   258