Page 255 - index Bapaeva
P. 255

4. Жасөспірімдік кезеңдегі «мен – тұжырымдамасының»
даму ерекшелігі

    «Мен – тұжырымдамасы» түсінігін XIX ғасыр соңында
американдық философ және психолог У. Джеймс енгізген. «Мен
– тұжырымдамасын» көрнекті психолог, гуманистік бағыттың
өкілдері А. Маслоу, К. Роджерс және жаңа психоаналистикалық
дәуірдің гуманисі Э. Эриксонның еңбектері арқылы «Мен –
тұжырымдамасы» теория түрінде және қолданбалы дамыды.

    Кеңестік психологияда «Мен – тұжырымдамасының»
мәселесімен Б. Г. Ананьев, И. С. Кон, Д. А. Леонтьев, В. В. Сто-
лин, А. А. Реан айналысты.

    «Мен – тұжырымдамасы» Р. Бернстің «Мен –
тұжырымдамасының дамуы және тәрбие» атты кітабында толық
баяндалған (1986).

    «Мен – тұжырымдамасы» ұғымы
    Қазіргі заман психологиясында «Мен – тұжырымдамасын»
жеке тұлғаның өз-өзіне деген қарым-қатынасы және
тұлға компентерінің бірі ретінде қарастырады. «Мен –
тұжырымдамасы» ұғымы тұлғаның субъективті ішкі жағымен
бірге, оның бірлігі мен тұтастығын көрсетеді, яғни жеке тұлғаның
өзін қалай көретіндігін, сезінетіндігін, елестететіндігін және өзі
туралы белгілі нәрселерді көрсете алады.
    «Мен – тұжырымдамасы» өз-өзіне бағдарлардың жиынтығы.
Көп жағдайда бағдар анықтамасында оның басты үш элементтері,
және психологиялық құрауышы баса айтылады:
    1. Мен бейнесі – жеке тұлғаның өз-өзі туралы түсінігі.
    2. Өзін-өзі бағалау – сол түсінікке аффекті баға беру. Сол
бағада неше түрлі қарқындылық бар, өйткені Мен – бейнесінен
нақты қасиеттері азды-көпті күшті эмоция тудырады.
    3. Потенциалдық тәртіп әсері, яғни белгілі бір іс-әрекеттер,
Мен-бейнесі және өзін-өзі бағалау іс-әрекетін тудырады.
    4 Тұлғаның өзін-өзі тану және өз-өзін бағалау затына соның
ішінде, оның денесі, оның қабілеті, оның әлеуметтік қарым-
қатынасы және де көптеген тұлғалық қасиеттері жатады.
    «Мен – тұжырымдамасының» үш негізгі құрамына толығырақ
тоқталайық.

                                    255

⇐ МАЗМҰНЫ
   250   251   252   253   254   255   256   257   258   259   260