Page 256 - index Bapaeva
P. 256

«Мен – тұжырымдамасының» когнитивтік құрылымы
    Жалған әлде шын пікірге, әділ білімге сүйенгеніне қарамастан
тұлғаның өзін-өзі суреттеуі өзіне сендірерлік. Мен – бейнесін
қалыптастыруға апаратын өзін-өзі қабылдаудың айқын тәсілдері
әртүрлі болуы мүмкін. Бір адамды суреттеу үшін қолданылатын
абстракты мінездемелердің белгілі бір оқиға немесе жағдаймен
байланысы жоқ. Тұлғаның жалпылама қорытылған бейнесінің
элементтері ретінде олар, бір жағынан, оның қылықтарындағы
тұрақты, қалыптасқан беталысты көрсетеді, ал, екінші жағынан,
біздің қабылдауымызды таңдай білуіміз. Өз-өзімізді бейнелеу,
суреттеу кезінде де осындай жағдай болып жатады: сөз арқылы
біз өзіміздің әдеттегі өз-өзімізді қабылдауымыздың негізгі
мінездемелерін айтуға тырысып жатамыз. Бұған неше түрлі
рөлдік, мәртебелік тұлғаның психологиялық мінездемелері,
мүлік суреттеу, өмірлік мақсаты және т.б. жатады. Осының
барлығы «Мен» бейнесіне кіреді – кейбірі тұлға үшін маңыздылау
болса, кейбіреуі үшін маңызы төменірек. Өз-өзін суреттеу
элементтерінің мәнділігі және олардың лауазым сатысы өзгеріп
тұрады. Бұл өзгерістер контекстке, тұлғаның өмірлік тәжірибесіне
немесе жай бір сәт әсерлігіне байланысты болып тұрады. Өз-өзін
суреттеудің бұл түрі – ол әр тұлғаның ерекшелігін суреттеу тәсілі.
    «Мен – тұжырымдамасының» бағалау, жүйелілік құрылымы
    Нұсқаның әсерлілік құрылымы адамда бағалау және эмо-
ция тудырады, өйткені когнитивтік құрылым адамға парықсыз
қабылданбайды. Бағалау және эмоцияның қарқындылығы кон-
текстке және де когнитивтік мазмұнына байланысты.
    Өзін-өзі бағалауы тұрақсыз, өйткені ол әртүрлі жағдайға
байланысты өзгеріп тұрады. Тұлғаның өзі туралы жан-жақты
суреттеуін бағалаушы көзі оны қоршаған қоғамдық, мәдениетті
орта болып табылады. Бұл ортада бағалық білімдері тіл
мағынасында есепке алынады. Тұлғаның бағалау көзқарасын
қалыптастыратын көзі, іс-әрекеттерге деген реакция және өздік
бақылау болып табылады. Өз-өзін бағалау тәсілі тұлғаның өз-өзін
сыйлау сезімінің даму деңгейін көрсетеді, жалпы құндылығын
және «Мен» деген салаға жататын жағымды көзқарасының байла-
нысын білдіреді. Өзінің құндылығын қалыптастыруға ұмтылатын
тұлғаның өзін-өзі бағалауы оның саналы ой толғауынан
байқалады. Бірақ ол жасырын әлде ашық түрінде кез келген өз-өзін

                                    256

⇐ МАЗМҰНЫ
   251   252   253   254   255   256   257   258   259   260   261