Page 257 - index Bapaeva
P. 257

суреттеуінде кездеседі. Өз-өзіне баға беруді толық түсіндіретін
маңызды үш фактор бар.

    Біріншіден, оны қалыптастыруда нақты «Мен» – бейнесімен
мінсіз «Мен» – бейнесін салыстыру маңызды рөл атқарады,
яғни адамның қандай болғысы келетінін елестете отырып са-
лыстыру. Шынайы мінездемелері адамның идеалды «Мен» –
бейнесіне жақындаса түссе, онда оның өзін-өзі бағалауы жоғары
болмақ. Егер берілген мінездемелермен өмірдегі шынайы жеткен
жетістіктерін салыстыру кезінде үлкен арақашықтық сезімі, онда
адамның өзін-өзі бағалау өлшемі төмен болмақ .

    Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуында екінші маңызды фактор –
қоғамның осы адамға деген көзқарасы, реакциясы, басқа сөзбен
айқанда, адам өзін-өзі бағалауда, басқалардың бағалауымен са-
насады. Өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың тағы да бір фак-
торы, бұл факторда жеке тұлға өзінің іс-әрекетінің табысты бо-
луын, табысқа, жетістікке қол жеткізуін сәйкестік призма арқылы
бағалайды. Тұлға бір нәрсені жақсы істеп жатырмын деген ойдан
емес, керісінше өзімнің белгілі бір ісімді таптым, таңдадым және
де менен басқа ешкім оны мен сияқты істей алмайды деген ой
қалыптасады.

    Жағымды «Мен–тұжырымдамасы» өзіне деген көзқарас,өзін-
өзі сыйлай білуге, өзін-өзі қабылдауды, өзінің жалқы құндылығын
сезуге теңеледі; жағымсыз «Мен – тұжырымдамасының» синонимі
ол – өзіне деген жағымсыз көзқарасы, өзін-өзі қабылдамауы, өзін-
өзі кем (төмен) санауы.

    «Мен – тұжырымдамасының» іс-әрекеттік компоненті
    Адамдар барлық жағдайда өз ықтиқатымен санасып, іс-
әрекет жасамайтыны баршамызға белгілі ақиқат. Кез келген
бағыттаушылық бір белгілі нысанамен байланысты болады.
«Мен – тұжырымдамасының» ерекшелігі мынада: объекті бо-
лып сол бағыт иеленушісі саналады. Мен бейнесіне қатысты
бағалаумен эмоциялар өте күшті әрі тұрақталған болып келеді.
Басқа адамның сен туралы көзқарасына мән бермеу оңай, өйткені
неше түрлі психологиялық қорғаныс құралдары бар. Ал өз-өзіңе
деген көзқарасыңа келсек, бұл жерде ешнәрсе көмектесе алмай-
ды. Өйткені өзіңе деген көзқарасыңды ешкім өзгерте алмайды.
    Міне, «Мен – тұжырымдамасының» түсінігі беріліп,
оның құрылымдық компоненттері анықталды. «Мен

                                    257

⇐ МАЗМҰНЫ
   252   253   254   255   256   257   258   259   260   261   262