Page 258 - index Bapaeva
P. 258

– тұжырымдамасының» қалыптасуы тұлғаның жеке
ерекшеліктерінің негізінде қаланады және де бір-бірімен үйірлік
механизмінің әсерінен де болады.

    Адамның психологиялық-әлеуметтік даму үдері,
тұлғаның «Мен – тұжырымдамасының» қалыптасу кезеңдері
Э. Эриксонның шығармашылық жұмыстарында толық ашылған.

    5. «Мен – тұжырымдамасы» және Э. Эриксонның теория-
сы бойынша жеке тұлғаның өмір кезеңдері

    Қазіргі заман психологиясында тұлғаның дербес дамуының
зерттеу ұстанымы бар, ол – бақылаушы ұстанымы. Бақылаушы
зерттеліп жатқан үдерісінің ішінде болады, ол Эриксонның
ұстанымы, адамның бүкіл өмірін кезеңдерге бөлу Э. Эриксонның
айтуынша, адам қай мәдениетке жатпасын, ол осы кезеңдерден
өте алады. Барлығы оның өмір ұзақтығына байланысты.
Тұлғаның психологиялық даму тұжырымын Э. Эриксон дамудың
эпигенетикалық оқытылудың нұсқасы деп қарайды. «Эпиге-
нез» деген терминнің биологиялық мазмұнын ашсақ, ол сыртқы
фактордың эмбриондық дамуға әсер ететінін айтады. Адамның
психологиялық жаңашылдығының қалыптасуы кезек-кезегімен
өтеді деген идеяны Эриксон да алып пайдаланды. Психологиялық
жаңашылдығының әрқайсысы белгілі кезеңде адамның қылығы
мен жеке өмірінің орталығы болып қалады .

    Э. Эриксонның пікірінше, даму кезеңінің дәл сол қоғамға
лайық тұлғадан күтетін бір үміті бар. Жеке тұлға үмітін ақтауы
да, ақтамауы да мүмкін, сонда ол қоғамға сіңіп кетеді немесе
қоғамға қабылданбайды. Эриксон бойынша әр кезеңде лайықты
мәселелердің шешілуі тұлғаның психомоторлық даму деңгейіне
байланысты, сондай-ақ тұлға тіршілік етіп жатқан қоғамдағы ру-
хани атмосфераға да байланысты. Эриксонның осы ойлары оның
тұжырымын түсіндіретін екі маңызды түсініктің негізі, ол «топтық
ұқсастық» және «эго – ұқсастық» түсініктері болып табылады.
Өмірінің бірінші күнінен бастап баланың тәрбиесі көзделген
әлеуметтік бір топқа енгізуге бағытталған, міне, осы бағыттың
арқасында топтық ұқсастық қалыптасады. Эго – ұқсастық, топтық
ұқсастықпен бірдей қатарласып қалыптасады және де субъектінің

                                    258

⇐ МАЗМҰНЫ
   253   254   255   256   257   258   259   260   261   262   263