Page 259 - index Bapaeva
P. 259

тұрақтылық сезімін тудырады. Адамның өсуіне, дамуына бай-
ланысты өзгерістерге қарамастан өзінің «Мен» деген сезімі
үздіксіз тұрақтанады. Тұлға тұтастығының, яғни эго-ұқсастықтың
қалыптасуы оның бүкіл өміріне созылады, және бірнеше кезеңнен
өтеді.

    Үшінші тарауда тұлға дамуының заңдылықтарына қатысты
психоанализ бен Э. Эриксон теориясының арасындағы
айырмашылықтарына сәйкес тұлғаның өмір жолының кезеңдері
көрсетілген (7-кесте). Жеке тұлғаның туған кезінен бастап
жасөспірім кезеңіне дейін даму кезеңдерінің мазмұнын саралап
көрейік, яғни дәл осы кезеңдердің мазмұны жасөспірімнің «Мен»
– тұлғасының қалыптасуына әсерін тигізеді.

    6. Дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі «Мен – тұжырым-
дамасының» қалыптасуы

    Сенім негіздерінің дамуы
    Э. Эриксонның теориясына сәйкес адам тұлғалық даму
негіздері ең алғашқы кезеңдерде қаланады, яғни ол кезең
туылғанынан бастап 18 айлық жасына дейін. Бұл кезеңде
нәрестеде қоршаған әлемге деген сенім арту сезімі пайда болуы
тиіс. Бұл жағымды өз-өзін сезінудің қалыптасу негідері болу ке-
рек. Әлемге сенім арту сезімі баланың жаңа тәжірибе жинақтауға
және дамудың келесі кезеңдеріне дұрыс өтудің кепілі, тірегі
болып қызметін атқарады. Бұлай болмаса, ол қызметтің басқа
түрлеріне жеңілдікпен, шын ниетпен қарай алмас еді.
    Сенуге тұрарлықтай ортада бала өзін барлығына сүйікті,
және оны барлығы өзін жақсы көретінін сезіп, бала санасын-
да болашақта өзгелермен қарым-қатынасына және өз-өзіне де-
ген жағымды көзқарас қалыптастыратын мықты негіз қаланады.
Бұның барлығы ананың қамқорлығымен қалыптасады. Сенім
тек бір нәрсеге ғана қатысты екенін ескерсек, ол бірден дамып
кетпейді, өйткені бала адамдар мен объектілерді ажырата білуі ке-
рек немесе оның санасына «Мен» де бір жеке адам екенмін ғой
деген сезім пайда болу керек.

           259

⇐ МАЗМҰНЫ
   254   255   256   257   258   259   260   261   262   263   264