Page 260 - index Bapaeva
P. 260

Өзін-өзі билеу еркіндігінің дамуы
    Бала дамуының екінші кезеңі бір жарым жастан үш-төрт
жасқа дейін созылады. Бұл кезеңде бала өзінің даралық баста-
уын және де өзін-өзі бір белсенді әрекет етіп жатқанын сезіне
бастайды. Дамудың бұл кезеңіндегі басты жағымды қорытынды,
ол – тәуелсіздік сезіміне қол жеткізу. Ол дегеніміз бала ата-анаға,
үлкендерге тәуелді емес екенін білдіріп, біршама өзін-өзі басқару
мүмкіндігіне ие болады. Бұл жаста бала барлық нәрсені өзінше,
өз бетінше істеуге ұмтылады, біреудің тамақтандырғанынан,
киіндіргенінен серуенге шыққанда қолынан ұстап жетелегенінен
бас тартады, ұнатпайды. Бірақ үлкендер бұл іс-әрекеттерге
бірқатар шектеулер қойған. Расында, салынған тыйымдарға
өз көзін жеткізбейінше, олар оның мәнін түсінбейді. Міне,
осы жерде дау туындауы мүмкін. Эксперименттік зерттеулер-
де сүйенсек, ата-ана мен баланың арасындағы қақтығыстар мен
келіспеушіліктердің туындауының себебі баланың өзін-өзі билеу
еркінің дамуымен өз пікірінің қалыптасуынан туындайды. Сон-
дай дау баланың бойында өз күшіне, өз-өзін билеу еркіне де-
ген сенімсіздікті тудырады. Өз-өзін билеу еркі, дербестік сезім,
өзін-өзі бағалауы ары қарай дамиды да, белгілі бір жағдайдан
кейін сенімділігі артып, таңдау еркімен ұласып кетеді. Ата-
ана тарапынан балаға өзінің іс-әрекетін еркіне беріп, біртіндеп
қалыптастырады.
    Бұл кезеңде бала, әсіресе мейірімділікті, (рухтандыру) жанын
түсінуді, қолдау көрсетуді қажет етеді. Жаңадан пайда болған
өзін-өзі билеу еркі сезімінің дамуына қолдау көрсете білу керек:
ересектердің тыйым салуы баланы ұялшақтыққа немесе өзінің
күшіне деген сенімсіздіктің болмауын қадағалау керек. Бала мен
ата-ананың қылықтарының өзара бейімделуі – өте қиын мәселе.
Ата-аналар ұстанатын жалғыз ғана конструкциялық ереже, шын
мәнінде болмайтын нәрсеге тыйым салу және шешіміміз нақ болу
керек. Қатаң бағып-қағу, шектеу және де еркін бағып-қағу баланың
бойында ұят, күмәнділік, ал қылығында қырсықтық пен жуастық
туғызады, сондықтан Э. Эриксонның пікірінше, мектепке дейінгі
жастағы балалардың, біріншіден ата-анасының ерекшеліктеріне
байланысты қоршаған әлемге деген сенім, сезімінің негізі
қалыптасады, ал екіншіден, өзін-өзі билеу еркінің сезімі белгілі
бір деңгейде дамуы керек. Жаңадан өзінің «Мен» сезімі дами

                                    260

⇐ МАЗМҰНЫ
   255   256   257   258   259   260   261   262   263   264   265