Page 261 - index Bapaeva
P. 261

бастаған бала үшін маңызды болып табылатыны оның қоршаған
ортаға бейімделуі. Өзін-өзі еркін ұстайтын және әр нәрсені
білгісі келіп тұратын баланың өзін-өзі бағалау өлшемі мүлдем
жоғары болады. Мұндай бала қоршаған ортаны зерттеуге ерекше
белсенді құлшынады және өзінің мүмкіндіктерінің шегін тапқысы
келеді. Ес білуі әлі нақ болмаса да, ол өзінің және өзгелердің
қозғалыстарын бақылауға қабілетті. Осы даму деңгейінде өзін-өзі
бағалаудың өлшемі болып қызмет ететін – ол қоршаған әлемге де
қызығушылығының деңгейі және өз аяғымен нық тұрсам деген
ұмтылыс. Сонымен, балалық шақ, ерте кезеңнің ерекшелігі, яғни
«Мен тұжырымдамасының» дамуы болып табылады. Көптеген
адамдар үшін дәл осы жас олардың тұлға болып қалыптасуында
шешуші рөл атқарады.

    Ынталылықты және кінә сезімін сезінуді дамыту
    Дамудың үшінші кезеңі төрт жастан басталады. Балада осы
уақытта мен қандай адам боламын деген алғашқы ой пайда бо-
лады. Бір жағынан ол өзі үшін рұқсат етілген нәрсенің шека-
расын анықтайды. Ерекше қуатты да, табанды болып келеді.
Қызығушылық қызметі, оның негізгі қозғаушы күші болып, әр
нәрсені білгісі келетіндігі көрсетіледі. Оның әлеуметтік ортасы
кеңейе түседі, сөздік қоры толық дамыған, сұрақ қоя алатындай
жағдайға келген, көз алдында болып жатқан оқиғаны түсіне ала-
ды, өйткені қазір еркін қозғала алады, сондықтан бұрынғыдан
гөрі өзін сенімдірек сезінеді. Ата-ананың баласының зерттеушілік
қылығының әрекеттеріне деген реакциясы, оның ары қарай да-
муына өте маңызды фактор болып есептелінеді. Э.Эриксонның
айтуынша, осы кезеңнің негізгі қаупі – өзінің шексіз белсенділігі
және әр нәрсені білгісі келетіндігі, оның бойында кінәсін
сезіну сезімін тудырады. Ынталық сезімінің төмендеуіне әкеліп
соғады. Ынталылық дегеніміз өзінің іс-әрекетін жоспарлау, өзіне
міндеттемелер алу, кез келген іске белсене араласу қабілеттілігі.
    Ата-ананың айып сезімі қалыптасады, артық білгісі келетін,
қажет ететін бала өзін сол үшін кінәлі сезініп, бойында қорқыныш
ұялайды, ата-анам жазалай ма деген ой туады. Бойында айып
сезімі бар бала өзін-өзі шектеп ұстайды, ешқандай мақсатқа деген
ұмтылыс жоқ, басқа балаларға оңай бағынады. Айып сезімінен
гөрі ынталылық басым болу үшін ата-аналар балаларының
шығармашылығын, қиялын, әр нәрсені білгісі келетін сезімін
қолдауы керек.

                                    261

⇐ МАЗМҰНЫ
   256   257   258   259   260   261   262   263   264   265   266