Page 262 - index Bapaeva
P. 262

Еңбексүйгіштік және толық жетілмегендік сезімдерінің да-
муы

    Дамудың төртінші кезеңі мектеп жылдарын қамтиды.
Бұл кезеңде бала жоспарланып ұйымдастырылған еңбекке,
тірлікке араласып кетеді. Өз-өзі болып іс-әрекет жасайды неме-
се өзгелермен өзара қарым-қатынас жасау арқылы дамиды. Осы
кезең бойы бала неше түрлі өнімді іс-әрекет, қызмет атқару бары-
сында өзіне деген жақсы баға жинауға тырысады, алға ұмтылады,
көпшіліктің жақсы пікіріне ие болғысы келеді. Ол неше түрлі
құралдарды, қызмет құрылымдарды меңгере бастайды. Соның
нәтижесінде, балада еңбексүйгіштік сезімі дами бастайды, өнімді
іс атқаруға дайынмын деген қабілетін көрсете бастайды. Осы
кезеңдегі даму бағыттан ауытқып кеткен болса немесе дұрыс
дамымаса, оның аяғы неге апарып соғатынын Э. Эриксон толық
қамтып, суреттеп беріп отыр. Егер де балада еңбексүйгіштік
сезімі қалыптаспаса, ол құралдарды пайдалануға дағдыланбайды.
Кейбір іс қолынан келмейтіндігі, беріліп жұмыс атқарып жатқан
дағдайда мәртебесінің төменділігі – осының барлығы оның өзінің
іс-әрекетіне жауап бере алмайтындығын, іс-әрекетін бақылай
алмайтындығын айғақтайтын сезімді тудырады. «Баламен еңбек
етуге қабілетім жетеді» деген сезімге сенімсіздікпен қарай бастай-
ды. «Мен білгенімді бұл салада, бұл жағдайда қолдана алмайды
екенмін» - деген өзін-өзі дұрыс қабылдау қабілеті пайда болуы
тиіс. Қолынан ешнәрсе келмесе, ол – тұлғаның ақауы, кемшілігі
емес және де сәтсіздіктің белгісі деп ойлаған дұрыс емес. Міне,
сондықтан да егер баланың қолынан бір нәрсе келмей жатса, ата-
ана мен ұстаздардың мақсаты – баланың жетістікке жететініне
нандыру, сендіру, үміттендіру. Сонымен, мектеп жылдарындағы
болып жатқан даму адамның өз-өзін суреттеуіне, бейнелеуіне
мәнді әсер етеді. Адам өзін-өзі өнерлі де қабілетті жұмысшы
ретінде тани біледі.

    Эго – ұқсастықтың дамуы немесе дамудың кідіріп қалуы
    Тұлғаның дамуының бірінші кезеңін суреттейтін ең терең
дағдарыс. Балалық шақ кезеңі өтіп кетеді. Өмір жолының осы
үлкен кезеңінің аяқталуы эго – ұқсастықтың алғашқы қалыбының
қалыптасуымен суреттеледі. Дамудың үш түрі осы дағдарысқа
әкеліп соғады:
    Ол – адамда өсіп-жетілу, жыныстық өзгерістер, «басқалардың

                                    262

⇐ МАЗМҰНЫ
   257   258   259   260   261   262   263   264   265   266   267