Page 263 - index Bapaeva
P. 263

алдында мен қандаймын деген ой-толғаныс пайда болады; өзінің
кәсіби бейімділігін табудың қажет екенін түсіне бастайды.

    Жасөспірім кезеңдегі ұқсастық дағдарыста өтіп кеткен қиын-
қыстау кезеңдері қайтадан орала бастайды. Артта қалған бұрынғы
мәселелердің барлығын жасөспірім өзінің пікірімен шешу керек.
Өзіне, қоғамға да осындай таңдаудың қажет екеніне көзін жеткізуі
керек. Сонда ғана әлемге деген әлеуметтік сенімі, өзіндік іс-
әрекеттенуі, ынталылығы, тұлғаның жаңа тұтастығын жасайды.

    Жастық шақ – бұл дамудың ең маңызды кезеңі, дәл осы
уақытта дағдарыстар ұқсастығы болып жатады. Содан кейін
«үлкен ұқсастыққа» қол жеткізу болады немесе даму барысында
кідіріс пайда болады, басқа сөзбен айтқанда «ұқсастық диффузия-
сы» дейді.

    Жас адам өмірінде жасап жатқан қателігі мен іс-әрекеттенуіне
ұмтылыс жасау арқылы қоғамда өз орнын табуға тырысады. Бұл
іс-әрекетті ол бозбала шағы мен үлкендер кезеңінің арақашықтық
уақытында жасайды. Қоғамда өз орнын табу әрекетін Э. Эриксон
«психологиялық мораторий» деп атады.

    Бұл дағдарыстың маңызы алдыңғы дағдарыстың шешуші
деңгейіне байланысты (сенім, тәуелсіздік, белсенділік, т.б.)
және қоғамдағы рухани атмосфераға да байланысты. Белгісіз
дағдарыстар ұқсастықтың күрделі кірістері тұрып қалатын
жағдайға әкеледі. Ал ол жасөспірімнің арнайы патологиясының
негізі болып табылады. Э. Эриксон бойынша, ұқсастық
патологиясының белгілері, ол балалық шаққа тән қалпында
қалуды тілеу, үлкендер статусына өтуге асықпау; бұлыңғыр,
бірақ үрейдің тұрақты жағдайы; жан дүниесін бос сезіну, өзін-
өзі оңашалау, жалғыз ұстау, өмірін өзгертуге ықпал болып тұрған
нәрселерден қорқу, өзінің басқа адамдарға әсер ететін қабілеті жоқ
екендігінен үрейлену, барлық қоғамдық қарым-қатынастардан
бас тарту (әйел мен еркек арасындағы қатынастарды жек көру,
ұнатпауы), барлық отандықтарды жеккөру, шетелдіктерді
ұнату. Жастық кезеңіне лайық Э. Эриксонның тағы да бірнеше
маңызды бақылауларын қарап шығайық. Осы жаста пайда бола-
тын ғашықтықта Э. Эриксонның пікірінше, ешқандай сексуалдық
маңызы жоқ. Бала ғашықтықтың маңызды деңгейі – ол өзінің
басқаларға деген ұқсастығын анықтау іс-әрекеті. Міне, сондықтан
бала ғашықтығы тек қана әңгімелесумен ғана шектеледі.

                                    263

⇐ МАЗМҰНЫ
   258   259   260   261   262   263   264   265   266   267   268