Page 264 - index Bapaeva
P. 264

Тұлғаның даму логикасы бойынша жастарға қарым-қатынас жа-
сау үшін іріктеп, таңдап алу қасиеті тән. Араласу үшін олар адам-
дарды таңдап, іріктеп отырады. Талғамы, қабілеті, шыққан жері
өзгеше болса, оны «бөтен» деп санайды және оған аса қаталдықпен
қарайды. Көп жағдайда «өзінікі» мен «өзгені, бөтенді» ажыратуға
көмектесетін киім-кешектің арнайы детальдары және ерекше
бір ым, дене қимылдары, мұндай шыдамсыздық өзінің ұқсастық
сезімінің қорғанышы болып табылады.

    Дамудың психо-әлеуметтік кезеңдерін талдап болған соң
жасөспірімнің «Мен – тұжырымдамасының» қалыптасуына
маңызды әсер ететін факторларды іріктеуге болады.

    «Мен – тұжырымдамасының» қалыптасуына әсер ететін
факторлар

    «Мен – тұжырымдамасының» дамуының барлық теорияла-
ры әр жас кезеңіне тән ерекшеліктерді қамтиды. Бірақ «Мен –
тұжырымдамасының» даму кезінде тек екі тақырып қана басынан
аяғына дейін орын алып отырады. Ол – отбасылық қарым-қатынас
рөлі және де басқа маңызды рөлдер.

    Маңызды басқалар. «Маңызды басқалар» терминнің түсінігін
былай түсіну керек. Олар кім? Олар бала үшін маңызды, мәнді
адамдар. Олар баланың бүкіл өміріне ықпал етуде, міне осы-
ны бала сезіп, түсінеді, сондықтан бала үшін олар – «маңызды
басқалар» болады. Маңызды басқалар – тұлғаның өмірінде аса
маңызды рөл атқаратындар. Олар беделді, сондықтан олардың
пікірі басым болып есептеледі.

    Тұлғаға маңызды басқалардың әсер етуі көбінесе сол адамның
өміріне араласу деңгейіне байланысты, жақын қарым-қатынас,
әлеуметтік қолдау көрсету, билігі мен беделділігі баланың тұлға
болып дамуына әсерін тигізеді.

    Ерте балалық шақта балаларға өзгелерден гөрі олардың
айналасындағы ата-аналары маңызды болып табылады. Кейін
осы қатарға мұғалімдер мен бір топ құрдастар да жатады. Мен-
бейнесін іздестіру жолында адам өзіне ұнаған маңызды басқаны
таңдайды да, соны жасаған бейнесін жоғары бағалайды. Ол
бейненің нақтылығы маңызды басқаның жеке ерекшеліктеріне
байланысты. Маңызды басқаның қолдауы балада позитивтік
«Мен» бейнесін тудырады, ал үнемі кемшіліктері айтылып
отырса, балада кері баға беру сезімі пайда болады. Кез келген

                                    264

⇐ МАЗМҰНЫ
   259   260   261   262   263   264   265   266   267   268   269