Page 265 - index Bapaeva
P. 265

жағдайда, «Мен – тұжырымдамасының» қалыптасуына бейне
психологиялық тәжірибенің негізгі көзі болып табылады.

    Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына ата-ананың ықпалы.
«Мен – тұжырымдамасының» дамуында негізгі фактор ата-
ана мен баланың қарым-қатынас түрі. Бұл төмендегі себептер-
мен түсіндіріледі: біріншіден, «Мен – тұжырымдамасының»
негізі балалық шақ кезінде қаланады, ал бұл уақытта бала үшін
маңызды – ата-ана болмақ. Ата-ана арқылы теріс байланыс пайда
болады. Бала өзі туралы түсінігі кеңейіп, өз-өзіне баға бере ала-
ды. Екіншіден, баланың «Мен – тұжырымдамасының» дамуы-
на әсер ете алатын мүмкіндік ата-анада бар, өйткені, бала ата-
анаға барлық жағынан тәуелді болады. Баланың өзін-өзі бағалау
қасиеттерінің қалыптасуына қажет психологиялық шарттарды
қарап шығайық. Зерттеулер көрсеткендей, отбасының қолдауы
және баласын қабылдауы көп жағдайда олардың жалпы өзін-
өзі бағалауына әсер етеді, ал мектептегі сәттіліктер мен кейбір
факторлар оқытушылармен байланысты, мысалы, жеткіншекті
мұғалімнің когнитивті эмоциялық қабылдауы.

    Зерттеулерде ата-ананың жасөспірімге көңіл қойып, жылылық
танытуы, олардың болашақта жағымды өзін-өзі бағалауын
қалыптастырады. Ата-ананың қатаң, негативті қарым-қатынасы
кері әсерін тигізеді: мұндай балалар сәтсіздіктерін бір нүктеге
топтастырып, тәуекелге баруға қорқады, жарыстарға қатысудан
қашады, агрессивті және дөрекі, сонымен қатар мазасыздық
деңгейі жоғары болады. Отбасындағы балаға эмоциялық қарым-
қатынастың маңызы зор. Отбасындағы қарым-қатынастың
екі стилі бар: ассиметриялы және симметриялы. Екеуінің де
жасөспірімнің өзін-өзі бағалауына әсері екі түрлі.

    Симметриялық стиль – отбасы мүшелерімен серіктесу
негізінде құрылады. Бұл фактор жасөспірімнің өзін-өзі
бағалауында эмансипацияға ықпалы зор. Қарым-қатынастың
симметриялы стилі жеткіншектерді өз-өзін бағалау критерий-
лер жүйесін қалыптастырады, сыйласымды қарым-қатынас тек
ата-анаға ғана емес, жасөспірімнің өз-өзін сыйлауына және іс-
әрекетінің тиімді болуына септігін тигізеді.

    Ассиметриялы стиль – отбасындағы мәселелерді ше-
шуге жасөспірімдердің қатысуына шектеу жасауы. Қарым-
қатынастың ассиметриялы стилі жасөспірімдердің «Мен» бейнесі

                                    265

⇐ МАЗМҰНЫ
   260   261   262   263   264   265   266   267   268   269   270