Page 266 - index Bapaeva
P. 266

мен өз-өзіне жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастырады.
Оқудағы сәттіліктер, мұғалімнің бағалауы өзін-өзі бағалауға
әсерін тигізеді. Зерттеулер, сонымен бірге жасөспірімдерге
ата-аналарының жылы қарым-қатынасы баланы жақсы бо-
лып өсуіне зор көмек болады. Ата-анасының жылы алақанында
тәрбиеленген бала өзіне сенімді және жақсы болып өседі. Ал ата-
анасының ұрысуымен өскен балалар кейін жасық, тәуекелге
бара бермейтін болып өседі. Осыларға қарап ата-ана ықпалын
симметриялық, антиссиметриялық сипатқа бөлуге болады.
Симметриялық сипатта тәрбиеленген жасөспірім алғыр, жақсы
болып өседі. Антисимметриялық сипаттағылар жасық, жолы бола
бермейтін болып өседі. Міне, осыларға қарап ата-ана тәрбиесінің
дұрыстығы жеткіншектің қалыптасуына үлкен ықпал ететіндігін
білеміз. Осылардың ішінде ата-аналармен сыныптастарының
ықпалы көп әсер етеді. Жасөспірімдерді зерттеудегі көпжылдық
еңбектерді қарап отырып, ата-ананың бала тәрбиесінде үлкен
ықпал бар екенін көреміз. Мысалы: Розенбергтің және Куперс-
мита, Бахмандардың жасөспірімдердің өмірін зерттеулеріне
қарап, ата-ананың жасөспірімдерге тәрбие бере отырып, оларды
өздерін бағалай білуге үйрету керек. Олардың істеген еңбектерін
мейлі ол аз еңбек болса да, жасөспірімге ілтипат немесе қошемет
көрсету олардың еңбектерін бағалау болып табылады. Сөйтіп,
оларда басқалардың еңбегін бағалауды үйренеді. Жасөспірімдерге
сыныптастарының ықпалы да үлкен рөл атқарады. Сыныптас-
тарымен қарым-қатынаста бола отырып, олардың жағымды
және жағымсыз қылықтарын көре отырып, соның ішінен өзіне
керектілеріне еліктей бастайды. Осындай сыныптастарымен
қарым-қатынас жасауда ата-ана ықпалы да керек болады. Үйінде
антисимметриялық түрде тәрбиеленген балалар сыныптастары-
мен тез араласа алмай көбіне тұйық жүреді.

    Өзін-өзі төмен бағалаудың қалыптасу шарттары. Ата-ана-
лар баласын уысынан шығармай, артық мінез-қимыл жасат-
пай тәрбиелейді. Ата-ана балаға мынадай талап қояды: тіл алу,
басқалардың көңілінен шығу, күнделікті өмірде үлкендерге тәуелді
болу; таза жүру, құрдастарымен даусыз қарым-қатынаста болу. Ба-
лада өзін-өзі төмен бағалау сезімі осы факторлармен тығыз байла-
нысты. Біреудің көлеңкесінде жүріп, жетістікке жеткен баланың
өзіне-өзі баға беруі төмен болады. Ал өз күшімен жетістікке жетіп

                                    266

⇐ МАЗМҰНЫ
   261   262   263   264   265   266   267   268   269   270   271