Page 267 - index Bapaeva
P. 267

жатса, әңгіме басқаша болар еді. Өз-өзін төмен бағалаған баланың
діңкесі құрып, басқаларға сенбей, өзін-өзі біртұтас тұлғамын деп
те айта алмайды.

    Өзін-өзі орташа бағалаудың қалыптасу шарттары. Өзін-
өзі орташа бағалайтын балалардың ата-аналары көп жағдайда
бала үшін қамқорлығын аямайды. Балаларына аз талап қояды,
қылықтарына шыдамдылықпен қарайды, балаларын сол күйінде
бағалайды. Бір жағынан, балалардың әртүрлі өзіндік іс-әрекеттері
ата-аналардың үрейін туғызады. Үйден тыс жағдайда жеке
тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері шектеулі.

    Өзін-өзі жоғары бағалайтын балаларға қарағанда, бұл топтағы
балалар өзгенің пікіріне сүйенеді.

    Өзін-өзі жоғары бағалаудың қалыптасу шарттары. Бұл
топтағы отбасылардың ерекшеліктері мынада: әрқайсысының
тұрақталған міндеттері бар, жауапкершілік те жоғары деңгейге
қойылған. Ата-ананың біреуі отбасындағы маңызды мәселелерді
шешуді өз мойнына алады, ал бұл шешіммен бүкіл отбасы
келіседі. Тұрмыстық жағдайға байланысты мәселелерді жанұя бо-
лып шешеді. Мұндай өзара сенім арту атмосферасы қалыптасқан
жанұяның әр мүшесі бір үлкен үй шеңберіне кірген сияқты болып
сезінеді.

    Сонымен, жанұясында ауызбірлік, тепе-теңдік орнаған
баланың өз-өзіне баға беруі жоғары болады. Балаға жақсы әсер
беретіні, ол – анасының өзіне және күйеуіне деген қарым-
қатынасы. Ана мен әкесінің жақсы қарым-қатынасын көріп жүрген
бала «Менің ата-анам үнемі табысқа қол жеткізіп жатады» деген
жақсы ойға, пікірге кенеледі. Бала ата-анасының жетістіктерін
көріп, ол да үлгілі болуға тырысады, алдындағы күнделікті
мәселелерді шешіп, орындап жатады, өзінің күшіне сене бастай-
ды. Ондай бала стреске аз ұшырайды, көп үрейленбейді, қоршаған
әлемді де, өз-өзін де бар мейірімділігімен қабылдайды.

    Сонымен, өзін-өзі бағалай отырып, жасөспірім өзінің жағымды
және жағымсыз жақтарын ажырата алады. Мысалы, өзіне-өзі сын
көзбен қараған жасөспірімдер бойындағы жағымсыз қылықтарды
жеңе біледі. Бұл жасөспірімдер өзіне-өзі сыншыл, өзіне деген
сенімділік және турашыл болады. Олар оқуда да алғыр, мінездері
бірқалыпты, өмірге үлкен көзқараспен қарайды. Ал өз-өзін
жоғары бағалаған жасөспірімдер өзімшіл, өркөкірек болып өседі.

                                    267

⇐ МАЗМҰНЫ
   262   263   264   265   266   267   268   269   270   271   272