Page 268 - index Bapaeva
P. 268

Олар басқаларға сын көзбен қарағанды жақсы көреді. Мінездері
қызғаншақ, дөрекі болып келеді. Айналасындағылармен еркін
араласа алмайды. Соның кесірінен тығырықтан шығу жолын таба
алмайды. Осыдан кейін ол өзін жайсыз сезінеді. Сабақ үлгерімі де
нашар болады. 8 жастан бастап балалар өзіне-өзі баға бере бас-
тайды. Олардың мектептегі үлгерімдері сырт пішіндерінен және
физикалық мүмкіндіктерінен байқалады.

    Өзін-өзі бағалау динамикасы. Жасөспірімдердің өзін бағалай
білуі өздерінің мінездерінің қалыптасуына алып келеді. Кіші
оқушыларға қарағанда жеткіншектер өздеріне үлкен сын көзбен
қарайтындары жақсы көрінеді. Олар өздерін басқалармен салыс-
тыру арқылы өздерін бағалай бастайды. Олардың өзіне баға беру
кезінде өзге еліктеушіліктер болады. Басқа құрбыларымен са-
лыстыра отырып, олар оның мінез-құлқына, киім киюіне, жүріс-
тұрысына үлкен көңіл бөледі. Жасөспірімдер басқалардың өздері
туралы не ойлайтынын білуге құштар болады. Олар өзгелер тура-
лы ойларында жақсы жағы көп пе, әлде, нашар жағы көп пе сол
қызықтырады.

    «Мен – тұжырымдамасының» дамуына төмендегі жағдай-
лар маңызды әсер етеді:

    1. Еркіндік беру немесе тыйым салу. Кейбір ата-аналар
баланың іс-әрекетіне қатаң бақылау стратегиясын ұстанады; ал
кейбіреулері балаларына шектеусіз еркіндік береді. Үшіншілері,
осы екеуінің дәл алтын ортасын табады.

    2. Қарым-қатынастарындағы жылулық немесе суықтық.
Барлық ата-аналар өз балаларын жақсы көреді. Бірақ барлығы
бірдей емес. Бір ата-ана өз сезімін жасырмай, ашық түрде сездіріп,
білдіріп жатса, біреулерге салқындық пен жауыздық тән. (Балала-
рына деген сезімді жоюға қабілетті).

    3. Қызығушылық немесе парықсыздық. Көптеген ата-
аналардың өз баласына қызығушылығы шексіз болып келеді. Ол
дұрыс емес, өйткені ол «Мен – тұжырымдамасының» дамуына
кері әсер етеді екен. Балаларға парықсыз қарамау керек. Бала
керексіз зат сияқты қалып қалмау керек.

    4. Жанұяда пайда болу реттілігі. Бұл жағдай, өзіне-өзі
баға беруге аса әсер етпейді. Ата-аналардың, балалардың
арасындағы қарым-қатынаста жоғары деңгейлі өктемдік «Мен –
тұжырымдамасының» дамуына кедергі болмақ.

                                    268

⇐ МАЗМҰНЫ
   263   264   265   266   267   268   269   270   271   272   273