Page 269 - index Bapaeva
P. 269

Өзін-өзі бағалауы мен қоғамдық психологиялық мәртебенің
өзара байланысы

    Жасөспірімнің топтасып жататын белгілі бір іс-әрекеті
бар және де бұл тек бейресми топтарға тән емес, мектептегі
сыныптарға лайық екен. Міне, осы жағдайды біле отырып, біз
өзін-өзі бағалаумен оның әлеуметтік-психологиялық мәртебесінің
өзара байланысын бақылайық дедік. Отандық психологтардың
бірқатар зерттеулері осындай өзара байланыстың бар екенін
көрсетеді.

    Осы саладағы келесі зерттеу жұмыстары жасөспірімнің өз-
өзіне баға беру ерекшеліктері, оның әлеуметтік-психологиялық
мәртебесіне ықпал ететінін дәлелдеп отыр: қаншалықты өз-өзін
сынаса, өзін жоғары бағаласа, соншалықты оның мәртебесі биік
болмақ. Ары қарай, бағалау жоғары және талаптану деңгейі
жоғары болса, онда оңды мәртебесі төмен болмақ немесе кері
мәртебесі жоғары болады. Бұл топ іс-әрекеттеріне қатысты
ерекшеленеді.

    Бұл байланыстың себебін кейбір авторлар жасөспірімнің
шынайылық деңгейінің өсуінен деп отыр. Егер жасөспірім
ұжымда өзінің орнын, жағдайын дұрыс түсіне алмаса, даудың
басталып кетуіне себеп болмақ дейді ғалымдар. Өзін басқаларға
қарағанда, жоғары ұстап немесе, керісінше, төмен ұстаса, бұл
күтпеген жағдайға әкеліп соғады. Егер өзінің жағдайын жоғары
бағаласа, ол достарын, жолдастарын менсінбейді, жек көреді.
Соңында жасөспірімде өз-өзіне сенбеушілік сезімі басым түседі.

    Өзін-өзі бағалау және педагогикалық бағалау. Педагогикалық
бағаның жасөспірімнің өзін-өзі бағалауына әсерлілігін анықтауы
– өте қызықты мәселе. Отандық психологияда бұл мәселені
жан-жақты зерттеген Б. Г. Ананьев болатын. Б. Г. Ананьнев
педагогикалық бағалаудың екі негізгі функциясын ерекшеледі:
бағыттаушы (интеллектуалдық өрісіне әсер ету) және қуат беруші.
Екі функцияның қосындысы баланың өзі туралы және өзінің
қасиеттерін анықтайтын білімін қалыптастырады.

    Тәрбиешінің бағалауы сыныптарға балалардың өзара қарым-
қатынасына, бір-біріне баға беруіне әсер етеді. Бір-біріне баға беру
арқылы, әр оқушының танымалдылығын жеке-жеке анықтайды.
Жоғарыда жасөспірімнің жағымды немесе жағымсыз «Мен –
тұжырымдамасының» дамуына ықпал ететін бірнеше факторлар-

                                    269

⇐ МАЗМҰНЫ
   264   265   266   267   268   269   270   271   272   273   274