Page 270 - index Bapaeva
P. 270

мен таныс болдық. Ол факторларға: ата-ананың іс-әрекеті (жанұя
тәрбие стилі), басқалардың рөлінің маңызы, өзін-өзі бағалаудың
әлеуметтік-психологиялық статусы мен өзара байланысы, өз-
өзіне баға беру мен педагогикалық бағалаудың байланысы жата-
ды. Жоғарыда айтылғанды қорыта келе, біз жасөспірімнің «Мен
– тұжырымдамасына» тән болатын кейбір ерекшеліктерді бөліп
қарастырамыз.

    Жан-жақты араласудың өзін бағалауға қосатын ықпалы зор
болмақ. Жасөспірімнің өзін бағалауында 4 түрлі ықпал болады,
олар: 1) ата-ананың ықпалы; 2) оқытушының ықпалы; 3) сы-
ныптастарының ықпалы; 4) жақын достарының ықпалы;

    Жасөспірімнің өзін-өзі бағалауда оқытушылардың ықпалы
орасан зор. Б. Г. Ананьев осының екі жағын ұсынып отыр: бол-
жамалы және қайталамалы. Болжамалы түрі жеткіншектің
келешегін болжау оған дұрыс бағдар беру. Жасөспірімдердің
өзін-өзі бағалауына сыныптасы мен қарым-қатынасы және
тәрбиешілердің тәрбиесі ықпал етеді. Қайталамалы басқалардың
істеген істеріне еліктеушілік туғызу, сөйтіп бұрынғыны қайталау.

    Э. Л. Носенконың зерттеуі жастардың оқу үлгеріммен
өзін-өзі бағалай білуіне арналған. Зерттеулерге қарағанда
жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы мінез-құлықтың
қалыптасуына, оқу үлгеріміне, болашақта істейтін істеріне үлкен
үлес қосады. Өзін-өзі бағалайтын жасөспірім жан-жақты ой-өрісі
жақсы дамыған, жақсы болып өседі. Ал өзін-өзі бағаламайтын
балалардың ой-өрісі таяздау, оқу үлгерімі нашар, ынжық болып
өседі. Олар өздерін өзгеден әлсізбіз деп ойлағандықтан, тәуекелге
тез бара бермейді. Сондықтан мінез-құлқы тұрақсыз болады.

    Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалаудың 1-стадиясы 10-11 жаста
өзіне тән, яғни өзіне-өзі қарым-қатынасы. 2-стадиясы 12-13 жас-
та, ең алдымен құрбыларының, қоршаған ортаның бағалауына
тәуелді. 3-стадия 14-15 жаста, «оперативті өзін-өзі бағалауы» пай-
да болады. Нақ осы уақытта жасөспірім өзіне қарым-қатынасы
анықталады. Бұл өзіндік бағалау жасөспірімнің өзінің тұлғалық
ерекшелігін, анықталған нормалармен мінез-құлықтың формала-
рына негізделеді.

    Тұлғалық рефлексияның дамуы. Тұлғалық рефлексия –
жасөспірімнің өз ішкі дамуын және басқа адамның ішкі дүниесін
түсініп, меңгеру формасы.

                                    270

⇐ МАЗМҰНЫ
   265   266   267   268   269   270   271   272   273   274   275