Page 271 - index Bapaeva
P. 271

1-стадияда (10-11 жас) жасөспірімнің жас заттық рефлекстік
күтулері жеке әрекет негізінде құрылады.

    2-стадия, 12-13 жаста адамдармен өзара қарым-қатынас
ерекшеліктері және өзіндік мінез сипаттары қаралады. Бұл
уақытта тұлғалық рефлексия өзіне тән өзгеріске түседі және
жасөспірімнің өзін-өзі тәрбиелеу стимулына ауысады.

    Тұлғалық рефлексия құрылымындағы 3-стадия, 14-15 жаста
жасөспірімнің өзіне сын көзқараспен, сыни қарым-қатынаста бо-
лады.

    Жасөспірімдердің «Мен – тұжырымдамасы» дамуының
психологиялық ерекшеліктері

    Жасөспірімнің Мен – тұжырымдамасына әлем тура-
лы және өзі жайында, ересек адамның ішкі ұстанымы өзін
қалыптастырудағы ұғымы бір мағыналық жүйе сияқты өзін-
өзі анықтауға кіреді. Бұл ішкі ұстанымдар жасөспірім өзінің
бұрынғы өткен тәжірибесі негізінде өзінің мүмкіндіктерін, өзінің
ерте жастағы пайда болған қажеттіліктеріне қатысты өмірде, нақ
осы өмірде қандай жағдайда немен айналысқысы келетіні кіреді.
Мұндай ішкі ұстаным жасөспірімнің Мен – тұжырымдамасын
жаңадан қалыптастырады, оның іс-әрекетке деген қоршаған
ортаға қарым-қатынасы себепші болып, қоғамда болашақ орнын
қалауға, өмірлік жоспарын немесе өмірлік бағдарламасын құрады.

    Жасөспірімнің уақыты және Мен – тұжырымдамасы.
Жасөспірімдік жаста өткенді, осы шақты және болашақты
қабылдау бір-бірімен түйіседі, ал жеке психологиялық уақытты
қабылдау шиеленістік жағдайда болады және бұл жасөспірімнің
Мен – тұжырымдамасының дамуын анықтайды.

    Тұлғалық өсудің позитивті динамикасы өмір уақытының
жай қозғалыстарын ғана емес, жаңа жетістіктерге көтерілуі бо-
лып саналады. Мұндай жағдайда есею үдерінің өту кезеңінде
жасөспірімнің Мен – тұжырымдамасы дағдарыстық формада,
яғни үйлесімсіз формада болады.

    Мен – бейнесінің 3 варианты бір-біріне оқшауланған
арақатынаспен байланысты: бүгінгі өткеннің нәтижесі бо-
лып саналмайды, ал болашақ бүгінгінің жалғасы болып са-
налмайды. Мұндай Мен – тұжырымдамасында балалық Мен –
бейнесін ересектердің Мен – бейнесіне қарама-қарсы қойып, ал
шындықтағы Мен – бейнесі екеуінен оқшауланып бүгінгімен өмір
сүреді.

                                    271

⇐ МАЗМҰНЫ
   266   267   268   269   270   271   272   273   274   275   276