Page 272 - index Bapaeva
P. 272

Жасөспірімнің «Мен» деген қасиеті өзінің кім екенін біліп,
күшіне сеніп, өз мүмкіншілігін дұрыс бағалауға пайдасын
тигізеді. Мұны әдетте, әркім өзін-өзі бағалай алуы, сананың өзіне
тән қасиеті деп атайды.

    Жасөспірім өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалап, өзіне-өзі дер-
бес азамат деп қарауы тек өзгелермен үздіксіз қатынас жасап, со-
ларды жақсы білуден пайда болады. Кіші оқушы өзін жақсы біле
алмайды. Өзін көбінесе жұрттың (оқытушының, құрбысының)
бағалауынан біледі, ал жасөспірімді алсақ, осылардың басым
көпшілігі өзінің ісіне, не бұрын келген шешіміне талдау жасап,
ісінің қолайлы, не қолайсыз жақтарын ажырата бастайды. Өзін-өзі
білгісі келу жасөспірім кезде қажеттіліктің бір түрі. Қажеттіліктің
бұл түрінің пайда болуы үлкендердің, не құрбыларының
жасөспірімге қоятын талабы дұрыс па, бұрыс па, соны білуге ар-
налады. Сонымен қатар жасөспірімнің өз қолынан бір нәрсенің
келетінін, не келмейтінін білуге ұмтылуы, өзін тек әлі келетін
жұмыстарға жұмсауға ұмтылдырып, осы жөнінде едәуір көмегін
тигізеді.

    Сонымен қатар, өзін-өзі бағалап, мүмкіншілігін сезе алу,
жасөспірімнің өзін меңгере алуына көмегін тигізеді. Жасөспірім
азамат қатарына көшуді талап еткендіктен, осы мақсатқа жету
үшін, мінезінің, не ісінің қолайсыз жақтарымен күресіп, қолайлы
жақтарын одан әрі дамытып, сөйтіп, өзгелердің алдында жақсы
көрінгісі келеді. Егер жасөспірімді азаматтық қасиетке ие
болуға не итермелейді десек, осының бір себебі өзінің кемшілік
жақтарын сезе алуы. Өйткені өзінің жақсы жағын айтып, мақтану
кім болса соның қолынан келеді. Бірақ өзінің кемшілігін сезіп,
соған біреудің қатысынсыз объективтік түрде талдау беру кім
болса, соның қолынан келмейді. Жасөспірім өзінің ісін, әсіресе,
қателерін талдау үшін біраз уақытын жібереді. Жіберген қатесі
үшін өзін-өзі әшкерелеуі де ықтимал.

    Жасөспірімнің өзін қаншалықты дұрыс бағалай алуын алсақ,
бұл түрліше келеді. Өзінің мүмкіншілігін объективті түрде бағалай
алмайтындар мақтаншақ келеді. Бірақ бұл қасиет бірте-бірте жо-
йылып, жасөспірім өзін объективті түрде бағалауға ұмтылады.
Осыған негізгі түрткінің бірі – құрбыларымен әңгімелескенде
мінез-құлықтың қандай түрі жақсы, нендей қолайсыз екені тура-
лы пікір алысуы. Осыдан олар өз мүмкіншіліктерін дұрыс бағалай
алуды үйренеді.

                                    272

⇐ МАЗМҰНЫ
   267   268   269   270   271   272   273   274   275   276   277