Page 273 - index Bapaeva
P. 273

Баланың жасөспірімдік кезеңге аяқ басуы оның өзіндік
санасының дамуымен айрықша мәнді. Жасөспірім ересек
адамның позициясы қалыптаса бастайды. Жасөспірімде ересек
адамның позициясы қалыптаса бастайды. Оған ересектік сезімнің
дамуы және жасөспірімнің ересектігін басқа адамдардың тануы
негіз болады. Бұл позиция жасөспірімнің өмірдегі объективтік
жағдайына әлі сай келмесе де, оның пайда болуы жасөспірімнің
өз айналасындағы ересектер дүниесімен, олардың игіліктер
дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын
білдіреді. Жасөспірім бұл игіліктерге белсенді ие болады, бұлар
оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен
іс-әрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне және басқаларға
қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерийлері
болады. Мазмұны жөнінен өзіндік сана ішкі дүниеге көшірілген
әлеуметтік сана-сезім (Л. С. Выготскийдің анықтамасы бойынша)
болады.

    Өзінің ерекшеліктерін білгісі келудің, өзіне ден қойып, өзі
туралы ойлай бастаудың шығуы – жасөспірім жастағы балаларға
тән ерекшелік. Кемшіліктерге ерекше назар аудару бүкіл
жасөспірімдік кезеңде сақталады; көбінде өзіне көңіл толмау
көбейеді.

    Жасөспірімнің көпшілігі бірден бірнеше адамға теңелгісі
келеді, яғни өз басының сондай болсам деген бейнесі түрлі
адамдардың жақсы жақтарынан жасалады: бір адамнан ойша
бір қасиеттерді, екіншіден басқасы не біріншісіне ұқсасы, т.б.
алынады. Жасөспірімдер үлкендерге, өзінен үлкен балалар мен
құрдастарына теңессем дейді, осының өзінде құрдастары өте үлкен
орын алады. Жасөспірімдерді өздері теңессем деген адамдардағы
өзін тартатын көптеген қасиеттер мен ерекшеліктердің арасын-
да қасиеттердің екі тобы басым болады. Бұлар – адамгершілік
қасиеттер мен ерлік қасиеттер; алғашқыларының арасында
жолдастық қасиеттер орын алса, екіншілерінің арасында ерлік
қасиеттері үлкен орын алады.

    Кіші шәкірттік шақтың аяғына қарай балалар оқу қызметіне
байланысты өздерінің ерекшеліктерін жақсы әрі дұрыс ұғынып,
бағалайды. Жасөспірімдік кезде өзі туралы түсінік ұлғайып,
тереңдей түседі, өзі туралы пайымдауларда дербестік артады,
бірақ өзін білу және өзін дәлме-дәл бағалау дәрежесі жөнінен

                                    273

⇐ МАЗМҰНЫ
   268   269   270   271   272   273   274   275   276   277   278