Page 274 - index Bapaeva
P. 274

балалар өте әртүрлі болады. Көптеген жасөспірімдер кейбір
қасиеттерін асыра бағалайды және талаптарының дәрежесі нақты
мүмкіндіктерден асып жатады.

    Өзін-өзі бағалау құрылымы екі компоненттерден – когнитивті
және эмоционалды компоненттерден тұрады. Біріншісі, адамның
өз жайындағы білімін бейнелесе, екіншісі, оның өзіне қарым-
қатынасын бейнелейді.

    Өзіндік бағалаудың адекватты деңгейі жасөспірімдерде өз-
өзіне сенімділігін, өз-өзіне сын көзбен қарау немесе керісінше,
қарамаушылық, табанды немесе орынсыз өз-өзіне сенімді.
Жасөспірім барабар өзін-өзі бағалаудан үлгерімнің жоғары
деңгейіне ие болады.

    Барабар өзін-өзі жоғары бағалайтын жасөспірімдер
қызығушылықтың көп өрісін алады, іс-әрекеттің әртүрлі
бағытында, олардың бағыты белсенді болады, сонымен қатар
тұлғааралық байланыстарда қарым-қатынас үдерісінде өзін және
басқаларды тану мақсатқа лайықты, біркелкі бағытталған.

    Агрессивті жасөспірімдер өз-өзін бағалауда (максималды
жағымды немесе максималды жағымсыз) жоғары мазасыздану,
кең әлеуметтік байланыстар алдында үрей, эгоцентризм, қиын
жағдаяттан шығуға икемінің жоқтығын көрсетеді.

    Жасөспірімнің нысанасында болып жатқан іргелі өзгерістер
жасөспірім кезеңінің маңызды белгісі болып қалады.

    Бұл өзгерістердің жасөспірімдердің тұлға ретінде дамып,
қалыптасуында мәні зор. Көрнекті психолог Б. Г. Ананьевтің
пікірінше, дәл осы кезеңге сана-сезіміміз, көптеген қарым-
қатынас нысаналардан өтіп, мінездің құрылымын аяқтайды.
Оның тұтастығын қамтамасыз етеді, тұлғаның қалыптасып,
тұрақталуына ықпал етеді.

    Жасөспірім кезеңінде жастардың сана-сезімі белсенді
қалыптаса бастайды, өзіндік бағалау өзіне деген көзқарастың
тәуелсіз бір үлгілі жүйесі жасалады. Осы кезеңде жасөспірім
өзінің өзгешелігін сезіне бастайды. Оның санасында бағалаудың
бағыттары ауысып жатады. Сыртқы бағалау (ата-аналардың
бағалауы) ішкі бағалауға ауысады, сонымен бірте-бірте
жасөспірімдік өзіндік «Мен – тұжырымдамасы» қалыптасады.
Бұл тұжырымдама баланың іс-әрекет жоспарын жасауға ықпал
етеді. Жасөспірім кезеңінің дағдарысы. Тұлғаны ұқсастыру және

                                    274

⇐ МАЗМҰНЫ
   269   270   271   272   273   274   275   276   277   278   279