Page 275 - index Bapaeva
P. 275

рөлдің ауысуы. Классикалық психоанализдің анықтауынша, бала
өз дамуында бесінші кезеңге өткен кезде (12-18 жас) ата-анаға де-
ген «махаббат пен қызғаныш» сезімдерінде қақтығыстар пайда
болды. Осы мәселенің оң шешілуі мынада: өз кезеңінде махаббат
нысанасын таба ала ма, жоқ па? Жасөспірімдерде осы мәселенің
пайда болуын Э. Эриксон растайды, бірақ бұдан да басқа мәселелер
бар екенін айтады. Жасөспірім физиологиялық және психикалық
тұрғыдан өсіп-жетіледі, нәтижесінде жаңа сезімдер мен тілектер,
ойлар пайда болады, әр нәрсеге деген жаңа көзқарасы, өмірге
деген көзқарасы дами түседі. Жасөспірімнің психикасының жаңа
ерекшеліктерінде маңызды орын алатын басқа адамдардың ой-
ларына қызығушылық таныту қасиеті, өзгелер өздері туралы не
ойлайды деген сияқты қызығушылық танытады. Жасөспірімдер
ой-қиял арқылы үлгілі отбасы, дін үлгісін, қоғам үлгісін жа-
сайды. Идеалмен шынайы өмірдегі жанұяны, дінді, қоғамды
салыстырсақ, екінші жақ жеңіліп қалады. Жасөспірім теориялық
біліммен дүниетанымдылықты қабылдауға, өңдеуге қабілетті
болады. Қысқаша айтқанда, жасөспірім – ол шыдамсыз диалист,
теориялық қиялды іске асыру қиын емес деп ойлайды.

    Осы кезеңде пайда болған айналамен байланыс параметрі
«Мен» ұқсастың оң полюсімен рөл ауысу кері полюсінің ор-
тасында теңселіп тұрақсыздықта тұрады. Былай айтқанда,
қорытындылауды үйренген, білетін баланың алдында мына
мәселе тұрады: өзін-өзі оқушы, бала, спортшы, дос, бойскаут
ретінде білетінін біріктіріп, қосу керек, осы рөлдердің барлығын
ол біртұтас етіп жинап, ақыл-ойға салып, өткен шақпен байла-
ныстырып, болашақтың жоспарын жасау керек. Егер жас адам осы
мәселенің табысты шешімін тапса, ол өзінің кім екенін сезініп,
қайда тұрғанын және қайда бағыттап бара жатқанын анық сезеді.
Жас ерекшелігі дамуының алғашқы кезеңдерінде баланың даму
дағдарысына ықпалын тигізіп отыратын ата-аналары болады.
Ендеше кейінгі даму кезеңдерінде ата-ана балаға бұрынғыдай
ықпал жасай алмайды. Ата-аналардың көмегімен жасөспірім
өзінің бойында сенім, өзіндік басқару, шеберлік деген қасиеттерді
дамытқан, өзінің жеке, дара екендігіне көзі жететіндей мүмкіндігі
молая түседі.

    Жасөспірім кезеңіндегі өзін-өзі бағалаудың дамуы. Балалық
шақ кезеңінде өзін-өзі бағалауын анықтайтын көптеген зерттеу-

                                    275

⇐ МАЗМҰНЫ
   270   271   272   273   274   275   276   277   278   279   280