Page 276 - index Bapaeva
P. 276

лерге қарамастан кейбір зерттеушілер мұны жасөспірім кезеңнің
жаңалығы деп санайды. Өзін-өзі бағалау жүйесі кеш пайда болған
және оның нақ іске асырылуы жасөспірім кезеңінде белгіленіп
отыр дейді зерттеушілер. Жас бала мен жасөспірімнің өзін-өзі
бағалау ерекшеліктерін суреттеу кезінде зерттеушілер бірауыздан
келісімге келді. Бала кезінде оларға тұрақсыздық жағдайға мо-
йынсұнуы тән. Жасөспірім кезеңіне лайық тұрақтылық, жан-
жақтылық.

    Жасөспірімнің ақыл-есінің даму үдерін суреттеген С. Л. Рубин-
штейн, бірнеше кезеңнен өткізіп отырды – аңғырт түсінбеушіліктен
анық және өзін-өзі бағалауға қабілетті болғанға дейін.

    Ақыл-санасының даму үдерісінде жасөспірімнің бар назары
тұлғаның сыртқы бейнесінен ішкі жан-дүниесіне аударылады.
Жеке қасиеттерден – мінездің тұтастығына өзінің өзгешелігімен
және бағалаудың рухани, идеологиялық масштабтарына ауысу-
мен ақыл-сананың байланысы бар. Осының нәтижесінде адам
өзін-өзі жоғары деңгейдегі тұлғамын деп таниды.

    Өзін-өзі бағалау – тұлғаның негізгі жасалымы. Ол тұлғаның
әлеуметтік үйрену деңгейін анықтап отырады, тұлғаның іс-
әрекетін бағыттаушы құрал. Өзін-өзі бағалау о бастан пайда
болған нәрсе емес екенін естен шығармауымыз керек. Өзін-өзі
бағалау іс-әрекет жасау үдерісінде және өзара қарым-қатынас
жасау арқылы қалыптасады. Тұлғаның өзін-өзі бағалауының
дамуына қоғамның да әсері зор. Адам өз-өзіне деген көзқарасы
кеш пайда болады. Бірақ, осыған қарамастан, тұлғаның өзін-өзі
бағалауының орны бөлек.

    Өзін-өзі бағалаудың барабарлығы. Жасөспірім кезеңінде өзін-
өзі бағалаудың барабарлығы бірте-бірте жоғарылайды дейді көп
зерттеушілер. Р. Бернс оны былай түсіндіреді: маңыздылығы бар
көрсеткіштер бойынша жасөспірімдер өздерін төмен бағалайды,
өйткені ол шындыққа жанасады. Ал кішкентай балалар керісінше,
өздерін жоғары бағалайды.

    В. Кваде, В. П. Трусов жасөспірімдердің бағалауының қажет
индикаторлардың неше түрлі типтерінің мәлімдемесін береді.
Жасөспірім келешекте таңдайтын мамандығын анық біліп,
мұғалім тарапынан тәртібі, іс-әрекеті жоғары бағаланып отырса,
олар барабарлық бағалауының болжамы болмақ. Жасөспірімнің
қылығына, іс-әрекетіне құрдастары төмен баға берсе, онда оның

                                    276

⇐ МАЗМҰНЫ
   271   272   273   274   275   276   277   278   279   280   281