Page 277 - index Bapaeva
P. 277

өзін-өзі бағалауы жоғарылайды. Ал өзін-өзі төмен бағаласа, онда
ол психологиялық тұрақтылығының төменділігінің белгісі.

    Өзін-өзі бағалаудың динамикасы. Жасөспірімнің өзін-өзі
бағалаудың мазмұндығы өзгерістердің болатыны анық. Дәл осы
кезеңде анық, толық емес бейнеден бірден өзі туралы толық
түсінетін «Мен тұжырымдамасына» ауысуы орын алады. Бала
кезінде өзінің бойынан көп қасиет көре алмаса, жасөспірім
жасында өзі танып білген қасиеттері екі есе көбейеді. Жоғарғы
(үлкен) сынып оқушылары өздеріне баға беру кезінде жан-
жақты тұлғалық қасиеттерін қамтуға тырысады, сонда олардың
өзіне-өзі баға беруі толық болады. Өздерінің кемшіліктерін де
талдап үйренеді. Жасөспірімдер өздері жайлы айта отырып,
көңіл-күйлерін, өмір сүру, қуаныш сезімін білдіріп отырады.
Жасөспірімдердің қасиеттерін оқу ісінде, басқа да сүйікті істерін
атқару кезінде ашып білуге болады. Олар өз-өздеріне идеал-
ды баға беруге тырысады. Бірақ идеалды бағалау мен шынайы
бағалаудың айырмасы үлкен. Көптеген жасөспірімдерге бұл
көрсеткіш өте ауыр тиеді.

    Неше түрлі зерттеулердің нәтижесінде мынаны байқауға бо-
лады: жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау мазмұнында мынадай
маңызды моральдық қасиеттердің орны ерекше болып тұр, ол –
мейірімділік, адалдық, әділеттік. Өздерін жоғары деңгейлі сыннан
өткізу арқылы жасөспірімдер өз бойындағы көптеген жағымсыз
қасиеттерді таба біледі және солардан арылу керек екендігін
сезінеді. Сонымен, жоғарғы сынып оқушысының «Мен»
бейнесін суреттеуде қарым-қатынас, жергілікті интеллектуалдық
қасиеттері маңызды болып табылады. Жасөспірімнің өзіне деген
көзқарасының негізі болып келетін осы қасиеттердің маңызы зор.

    Өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өз-өзін құрметтеуінің іске асуы
жасөспірімге айналасындағы адамдардың әсер етуіне байланыс-
ты. Жасөспірім үшін айналасындағы адамдардың бойындағы
қасиеттердің барлығы үлгі тұтарлықтай.

    Қыз балалардың өзін-өзі бағалаудың мазмұны көп жағдайда
олардың басқалармен өзара қарым-қатынасының бағалауына бай-
ланысты.

    Жасөспірімдер өздерін сыннан өткізе отырып, басқалардың
ортасында ол қандай, өзгелермен қаншалықты ұқсас дегендей
сұрақтарға жауап табуға тырысады. Бозбалалар жеке идеалына

                                    277

⇐ МАЗМҰНЫ
   272   273   274   275   276   277   278   279   280   281   282