Page 278 - index Bapaeva
P. 278

сүйене отырып, мынадай сұрақтарға жауап іздейді: өзгелердің

алдында мен қандаймын, менің олардан қандай айырмашылығым

бар және қаншалықты ол өз идеалына жақын. Кейін өз-

өзіне баға беру толғанысы өзгелердің неше түрлі баға беруі, іс-

әрекеттерінің нәтижесімен анықталады. Бозбала өзі үшін және

өзгелер үшін мәнділігін, маңыздылығын табуға бағытталған ой-

толғаныс болмақ.

Физикалық бейне және өзін-өзі бағалау. Осы кезеңде

басқа бір адам жасөспірімнің өмірінде ерекше орын алады.

Бұл жасөспірімдердің басқа адамның сыртқы кейпін бақылау

ерекшелігіне байланысты. Басқаларды қабылдау, түсіне білу

арқылы ол өзін-өзі түсінуге үйренеді. Бұл жерде де реттілік

сақталады: біріншіден, тек сыртқы, физикалық мінездемелері

қабылданады, содан кейін барып тұлғалық қасиеттер, жан-дүниені

суреттейтін қасиеттері жасөспірім бойында қалыптасады .

Жасөспірімнің өзгенің физикалық кейпін қабылдауы өзін-

өзі қабылдауына әсер етеді. Дәл осы жас кезеңінде адамның

ағзасында нешетүрліөзгерістерболыпжатады.Жасөспірімніңсырт

бейнесі, физикалық кейпі оны қатты толғандырады. Достарының,

құрдастарының ортасында белгіленген бір стандартқа сай

болуға тырысады, өйткені ол жасөспірімнің топтағы мәртебесін,

қоғамдағы рөлін анықтайтын маңызды фактор болып табыла-

ды. Сырт кейпінің ерекшелігін сезінген жасөспірімнің бойында

тұлға үшін маңызды көптеген қасиеттер дами бастайды. (мыса-

лы: өз-өзіне деген сенім, тұйықтық, даралық, шаттық).

Өзін-өзі бағалау күші және тұлғаның қасиеттері. Жасөспірім

өзін-өзі бағалауға тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің дамуын

көздейді. Мысалы: оның барабарлық деңгейі жасөспірімде өз-

өзіне деген сенімді күшейтеді, өз-өзіне сын айту, табандылық не-

месе өзіне сын айтпау қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Бағалау күшінің оқу мен қоғамдық белсенділікпен байланысы

бар.

Өз-өздерін бар жағынан жоғары  бағалайтын

жасөспірімдердің оқу үлгерім деңгейі де жоғары, олардың

қоғамдық және жеке мәртебесі жоғары деңгейден көрінеді.

Мұндай жасөспірімдердің қызығушылық өрісі кең болады,

олардың белсенділігі неше түрлі қызмет атқаруға бағытталған,

сондай-ақ, тұлғалық қарым-қатынастарды өзін де, өзгені де бар

                  278

⇐ МАЗМҰНЫ
   273   274   275   276   277   278   279   280   281   282   283