Page 279 - index Bapaeva
P. 279

жағынан тануға, танытуға бағыттайды. Өз-өздеріне жоғары баға
беретін жасөспірімдердің қызмет түрлері шектеулі және үрейлікке
де өзін бағыттайды, бірақ мәнсіз, бос, бекер үрейлік болып табы-
лады.

    Агрессивті жасөспірімдер өз-өзіне соңғы баға беруімен
суреттеледі (не жоғарғы оң баға, не жоғарғы кері баға). Үлкен
әлеуметтік қарым-қатынастан үрейленуі, қиын жағдайдан шыға
алмай қалатындығынан қорқуы, осының барлығы агрессивті
жасөспірімнің ерекше үрейлілігін суреттейді. Өздеріне төмен
баға беретін жасөспірімдер көбінесе күйзелістік тенденцияларға
ұшырасып жатады дейді, көптеген зерттеу қорытындылары.
Кейбір зерттеулер бойынша өзін-өзі төмен бағалауы күйзелістік
реакцияға әкеліп соғады немесе оның себебі болып табыла-
ды. Кейбір зерттеулерге көз жүгіртсек, олардың қорытындысы
мынадай: бірінші күйзелістік аффект пайда болады, содан соң
ол өзін-өзі төмен бағалауға ұласып кетеді. Біз білетіндей сегіз
жастан бастап балалар әртүрлі саладағы жетістіктеріне баға беру
қабілетін танытып жатады. Солардың ішінде ең маңызды бес
өлшем, олар: мектептегі сабақ үлгерімі, сырт көрінісі, физикалық
қабілетті, тәртібі және әлеуметтік қабылдануы болып табылады.
Бірақ жасөспірім кезеңінде оқу үлгерімі және тәртібі тек ата-ана
үшін бағалауға қажет болып қалатын өлшем. Ал қалған үш өлшем
– достары үшін.

    Психология мәселелерімен айналысып жүрген психолог-
тардың бірі Н. Ф. Добрынин былай деп жазады: адамның жас
ерекшеліктері тек дене мүшелерінің өсіп-дамуымен ғана беріледі
деп есептеуге болады. Сонымен қатар адам өскен са-йын оның
білімге, өз-өзіне, айналасындағы тіршілікке деген көзқарасы
өзгеріп, солардың құндылығы да өзгере түседі. Неге құндылығы,
маңыздылығы өзгереді дейміз, өйткені адам есейген сайын оның
сұранысы, көзқарасы, қызығушылығы, пікірі өзгеріп отырады. Бұл
құндылықтың өзгеруі – адамның оны қоршаған қоғамдық орта-
мен қарым-қатынасына байланысты болып келеді. Ол сол қоғамда
өмір сүреді, тіршілік етеді, білім алады. Осы қоғамдық қарым-
қатынастарға еніп қана қоймай, адам сол қарым-қатынастардың
бір бөлігі болып табылады.

    Дәл осы жаста жасөспірімге, бозбалаға тән нәрсе болатын,
ол өз-өзіне деген көзқарастың өзгеруі. Бозбала кезеңін зерттеу
кезінде қозғаушы, себеп болған осы ұғым. Осы кезеңде жастардың

                                    279

⇐ МАЗМҰНЫ
   274   275   276   277   278   279   280   281   282   283   284