Page 280 - index Bapaeva
P. 280

бойына анатомиялық-физиологиялық өзгерістердің болуымен
қатар, өз-өзіне деген көзқарасында да өзгерістер болып жатады.
Бозбала кезіне тән ерекше бір белгілер бар. Бұл кезеңде ерекше
физикалық дамуының және өсуінің болып жататынын айтып кет-
кен жөн.

    Жасөспірім кезеңінің соңына қарай адам бойының өсуі,
салмақ қосуынан жоғарылай түсуі азаяды. Жақсы дамып жатқан
жігіттің дене мүшелерінің бөлшектерінде ешқандай сәйкессіздік
байқалмайды, жасөспірімнің қимылына тән икемсіздік пен
сәйкессіздік байқалмайды. Бұлшық еттері де өседі, оларды
шынықтырып, ширатып алса, қара күшке салатын жұмыстарды
атқаруға болады. Жыныстық жетілуінің алғашқы кезеңінде бо-
латын қиыншылықтар мен үрейлілік сезімі бірте-бірте жойы-
ла бастайды. Жыныстық жетілуде жігіттер үшін бұрынғыдай
қорқынышты нәрсе болмайды. Жасөспірім үшін жаңа әсер,
сезім, үрей, түсініксіз де әрі күтпеген жағдай болушы еді. Ал
жігіт оларға үйренген, бұрынғыдай қатты мазаланбайды, өйткені
олардың мәнділігі төмендеп барады. Жасөспірім кезеңінде
осының барлығын түсінемін деп жұмсаған күш-қуаты азаяды да,
ішкі күштері көбейе түседі.

    Жоғары айтылғандарды жинақтап, мен мынадай қорытын-
дыға келдім: жасөспірім кезеңінде адам бойының, салмағының
өсуі бірінші кезекті маңыздылық болып жатса, жігіттік кезеңде
бұл аса маңызды емес болып есептелінеді. Олар өз маңыздылығын
жоғалтпайды, жай ғана екінші орынға түсіп қалады. Бұл туралы
И. С. Конда жазған болатын, бірінші орынға ақыл-ес қабілеті,
білімі, іскерлігі, дағдылығы қойылады, – дейді ол. Сыртқы
пішінін әрлеу, шаш үлгісін жасау, спортпен шұғылдану арқылы
жақсартады, кемістіктер білінбей кетеді. Сыртқы пішін адамның
ішкі жан дүниесімен үйлесім тапқанда, яғни тән сұлулығы мен жан
сұлулығы үндесіп келсе ғана маңызды. Жігіт тек сыртқы көріністі
бағалаумен шектелмейді, ол адамның жан дүниесіне де көңіл бөле
бастайды. Оның құрдастары да сыртқы көрінісінен гөрі, адамның
жеке қасиеттеріне көңіл аудара бас-\тайды. Осы жас кезеңде адам
басқаларды мына мақаладағыдай бағалайды: «Киіміне қарап
қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады». Адамның киімі,
түрі ешнәрсе айтпайды. Адамның адамдық қасиеттерін оның
жан дүниесінен танисың.

    И. С. Конға қайта оралсақ, жігіттің «Мен» бейнесінің және

                                    280

⇐ МАЗМҰНЫ
   275   276   277   278   279   280   281   282   283   284   285