Page 281 - index Bapaeva
P. 281

ақыл-санасының дамып жетілуін түсінікті әрі дұрыс сипат-
тап берді. «Жігіттің ақыл-санасының өсіп-дамуы» және өзінің
«Мен» дегеніне қызығушылығы тек қана жыныстық жетілумен
байланысты емес дейді психологиядағы биогенетикалық ұғым.
Өтпелі кезеңге дейін бала өсті, өзгеріп тұрды, күш жинады,
бірақ интроспекцияға деген ұмтылыс болмайтын, сол жағдай
енді болып тұрса – бұл заңды, өйткені ер жету, жан-жақты жетілу
ол үлкейгендіктің, ержеткендіктің белгісі болып табылады,
мұны барлығы назарда ұстап, бақылап отырады. Жасөспірімнің
жағдайына қайшы келетін, оның қоғамдық рөлінің ауысуы және
талаптану деңгейінің өзгеруі – ең бірінші кезекте «Мен кіммін?»
деген сұрақтың өзекті мәселері.

    Осы кезеңде сыртқы басқарудан өзін-өзі басқару жүйесіне
ауысу әрекеті орын алады. Кез келген басқармада өзінің нысана-
сы (объектісі) туралы мәліметі болу керек. Өзін-өзі басқару кезінде
де субъектінің өзі туралы мәліметтері болуы тиіс, яғни өз-өзін та-
нуы. Ерте жігіттіктің құнды бір жетістігі – өзінің ішкі әлемін (жан
дүниесін) ашуы, өзінің жан дүниесін ашу, білу – өте маңызды
да, қуанышты да, толғандыратын жағдай, бірақ ол үрейлілік,
драмалық сезім тудырмайды. Өзінің басқаға ұқсамайтындығын,
жеке-дара екендігін, қайталанбайтындығын сезінген жігітке
жалғыздық сезімі қосыла келеді. Жігіттік «Мен» әлі анық емес,
белгісіз, пішінсіз болып келеді, бұл жай мазасыздық немесе ішкі
дүниенің бостығы деп ұғылады. Міне, осы бостықтың орнын
бір нәрсемен толтыру керек. Ал, ол үшін қарым-қатынас жасау
қажеттілігі жоғарылай түседі және байланыстың сайланушылығы,
жалғыз қалу қажеттілігі пайда болады. «Қызық бір сезім мені ма-
залайды» – деп сегізінші сынып оқушысы өз күнделігінде жазған.
«Мен жалғыздықты сезінемін, бұрында мен қоғамның назарын-
да, алдында едім, ал қазір олай емес. Бірақ таңғалдыратыны мені
ешкім ренжітпейді, өкпелетпейді және де бұл жағдай мені аса ма-
заламайды. Мен жалғыздықты ұнататын болдым. Басқалардың
менің өміріме араласуын қаламаймын, басқаларға деген орын
жоқ: мен не үшін өмір сүремін? – деп ойламайтынмын. Ал қазір
менің өмір сүргім келеді». Бұл қыздың мектептегі, үйіндегі
жағдайы жақсы, қоғамда белсенді. Оның жалғыздық сезімі ту-

           281

⇐ МАЗМҰНЫ
   276   277   278   279   280   281   282   283   284   285   286